Мектеп порталы
kk-KZru-RUen-US
Мектеп кітапханасы
Қош келдіңіздер, құрметті оқырмандар!
 

Күн тәртібі : 08.00 - 20.00

Біздің сайтымыз...

Кітапханада жұмыс істеу ережесі

 •  Мектеп қызметкерлері, оқушылар және  ата- аналар үшін кітапхана есігі үнемі ашық.•  Кітапты пайдалануға  10 күн беріледі. Егер кітап ұзақ уақытқа қажет болса, кітапханашыдан кітап берілу мерзімін ұзартып алуға болады.•  Басқа  оқырмандарға кедергі жасамау үшін кітапханада тыныштық сақтау қажет.•  Кітапты ұқыпты ұстау керек.•  Кітапханаға сыртқы киіммен кіруге, тамақ пен сусын әкелуге және интернетті  білім алудан тыс мақсаттарда қолдануға болмайды.•  Жоғалған кітаптарды қайтару:а) Көркем- әдеби кітаптардың орнына сондай басылымды кітаптар әкелуге  болады;                   b) бағалы қордан жоғалған кітаптар өз бағасынан10 есе көлемде төленеді.

Ұсыныстар:

Оқыңдар!Жақсы кітап оқыңдар!Жақсы кітап сіздің өміріңізді мәнді әрі қызықты етеді.«Кітапсыз үй - жанысыз дене» деп Цицерон айтқандай, сіздің үйіңізде әрқашан кітап көп болсын.

Кітапхана қорында:- кітаптар мен кітапшалар;- оқулықтар мен оқу құралдары;- атластар мен карталар;- анықтамалықтар мен энциклопедиялар;- Егемен Қазақстан, Вечерняя Астана, Астана Ақшамы, Казахстанская  правда, Учитель  Казахстана, Современный Учитель Республики, Қазақстан Mұғалімі, Ана тілі-Ұлт газеті, The Wall Street Journal және т.б. газеттер;- Математика в школе, Математика для школьников, Математика первое сентября, Физика в школе, Физика и астрономия, Физика для школьников, Наука и жизнь ,Квант, Классный журнал, Компьютер пресс, М-Хобби, Музыка в школе, Новости Космонавтики, Новости науки Казахстана, Одаренный ребенок, Педагогическое образование и наука, ПедСовет,Потенциал,Праздник в школе,Психологическая наука и образование, Радио хобби,  Русская словесность в школе, Современный урок, Стандарты и мониторинг в образовании, Техника молодежи, Физическая культура в школе, ФизМат, Химия в казахстанской школе, Юный эрудит, За рулем, Читаем,учимся,играем, Школьные технологии, Школьные игры и конкурсы және т.б.журналдар бар.

 Қажетті кітапты табуға KABIS жүйелі каталогі көмектеседі.
 Кітапханада интернет-сынып қызметі бар.

Бәрін келсе білгіңіз,Энциклопедия оқыңыз!

Ғажайыптар ЭнциклопедиясыЖер планетасыЭрудиттер ЭнциклопедиясыБәрін білгім келеді!Әлем ғажайыптарыҰлы құпияларЕжелгі Қазақстан құпиялары
 

Ата- аналарға арналған жадынама

1. Баламен бірге күніне 10-15 минут дауыстап кітап оқыңыз.2. Кітап оқымас бұрын бөлмені желдетіңіз, столдан  артық заттарды  алыңыз.3. Егер бала шаршаса, сергіту сәтін өткізіңіз.4. Кітап оқығаны үшін балаға мақтау айтыңыз.5. Жасы кіші балаларға түрлі түсті иллюстрациялы кітаптар таңдаңыз.Ересек балаларға ғылыми - көпшілік  және тарих, табиғат туралы кітаптарды алыңыз. 6. Кітап оқуды жеңілдету және баланы қызықтыру үшін кезекпен оқыңыз: бір абзацты сіз, бір абзацты бала оқысын.7. Сонымен қатар рөлге бөлініп оқу баланы қызықтырады.8. Тыныс белгілеріне және жаңа сөздерге назар аударыңыз. Өзіңіз мәнерлеп оқуға тырысыңыз.9. Баламен өткен  өмір және келешек туралы әңгімелесіңіз, ағымдағы оқиғаларды талқылаңыз, өзіңіздің және әже- аталарының балалық шағы туралы әңгімелеңіз. Бұл әңгімелеріңізді түрлі детальмен толықтырыңыз, қазіргі кезеңмен салыстырыңыз. Бұлайша әңгімелесу сіздің отбасыңыздың тарихына пайдалы саяхат жасауға мүмкіндік береді.10. Кітапты оқып болғаннан кейін баланы дискуссияға тартыңыз, баламен мазмұнды диалог жасаңыз.11. Оқыған кітабы бойынша баланың өз көзқарасын білдіргені жөн. Баланы төмендегі түсініктемелермен қызықтырған дұрыс болады: «Бұл оқиға менің есіме ...... туралы түсірді» немесе « Бұл кейіпкер ..... орындай алар ма екен ?Осыдан кейін  бала кітаптағы оқиғаны өз іс- әрекетімен және өз сезімдерімен байланыстыра алады.

Видеотрансляция