Мектеп порталы
kk-KZru-RUen-US
Мектеп тарихы

Қызықты оқиғалар мен тың жаңалықтарға,
ұмытылмас сәттерге, сенім мен сүйіспеншілікке
толы Зияткерлік мектепке қош келдіңіздер!

Физика-математика бағытындағы тұңғыш Зияткерлік мектеп 2009 жылдың 12 қаңтарында Қазақстан Республикасы Президентінің  «20 Зияткерлік мектеп» мемлекеттік бағдарламасы аясында ашылды
Қазақстан Республикасының Президенті мектептің салтанатты ашылу
рәсімінде: «Бұл мектеп – ғылым, экономика, саясаттың басқарушы
салаларының болашағы үшін жан-жақты дайындалған талантты балалар
мектебі болмақ», - деді.
Мұнда оқушылардың танымдық белсенділігін тәрбиелейді, балалардың
шығармашылық қабілетінің дамуына ықпал етеді
Мектептің оқу – материалдық базасы оқыту үдерісін жоғары сапада ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Мектепте жалпы саны 44237 дана кітап қоры бар кітапхана, жабдықталған оқу кабинеттері, физика, химия және биология  кеңейтілген зертханалары, жаттығу залы, үлкен және кіші спорт залы, асхана, психология кабинеті, медициналық блок  жұмыс істейді.

Сенім мен сүйіспеншілік мектебі 

Мектеп «толық күн» тәртібінде жұмыс істейді. Оқушылар күннің алғашқы жартысында оқу жоспарына  сай базалық және бейінді пәндерді оқиды. Түскі астан кейін оқушылардың жобалау-зерттеу іс-әрекетін дамытатын, білімін кеңейтетін, тереңдетілген сабақтар өтеді.

Зияткерлік мектепте үштілділік моделі жүзеге асырылған . Кіріктірілген білім беру бағдарламасы бойынша жаратылыстану- математикалық білім академиялық және практикалық бағытта жүзеге асырылады. Мектепте Англия, АҚШ, Канада, Финляндия және т.б. елдерден келген 22 шетелдік мұғалім жұмыс істейді. Олар қазақстандық   әріптестерімен бірлесе отырып, Team-teaching – командалық оқыту тәжірибесін жүзеге асыруда.
Мектепте осы жылдарда кәсіби біліктілік деңгейі жоғары және жаңашыл үдерістерге қатысуға дайын еңбекқор, шығармашыл педагогикалық ұжым қалыптасты.


Зияткерлік мектеп – қызықты оқиғалар мен тың
жаңалықтарға, ұмытылмас сәттерге толы әлем


Зияткерлік мектепте оқушылардың жан-жақты қосымша білім алу мүмкіндігі бар. Мектептегі 30-дан астам үйірмелер мен секциялар оқушылардың оқу үдерісінде алған білім, біліктерін кеңейтуге және тереңдетуге мүмкіндік береді. Домбыра, жетіген, қобыз, сазбалшық, халық биі үйірмелері оқушылардың ұлттық ерекшеліктерді бойына сіңіруіне жағдай жасайды. Бүгінгі күні олардың шеберлігі қалалық және желілік деңгейде ғана емес, сонымен қатар, балалар шығармашылығының халықаралық
байқауларында да (Ресей, Италия, Словакия, Франция, Түркия, Чехия) 
мойындалып отыр.


Қызықты оқиғалар мен тың жаңалықтарға, ұмытылмас сәттерге, сенім мен сүйіспеншілікке толы Зияткерлік мектепке қош келдіңіздер!

Видеотрансляция