Мектеп порталы
kk-KZru-RUen-US
Әкімшілік
Жакенов Мейрам Амиржанович

ЖӘКЕНОВ МЕЙРАМ ӘМИРЖАНҰЛЫ

Директор

1954 жылы туылған, ұлты – қазақ, білімі – жоғары, 1976 жылы Қарағанды политехникалық институтын инженер-педагог  мамандығы бойынша, ал 1990 жылы Ленинград мемлекеттік университеті португал тілі мамандығы бойынша бітіріп шықты.Мейрам Әміржанұлы өзінің еңбек жолын 1977 жылы Көкшетау индустриалды-педагогикалық техникумында оқытушы, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қыметінен бастады. 1990-1993 жылдары Анголадағы әдістеме және психология институтында оқытушы, португал тілінің аудармашысы болып жұмыс істеді.1993-2000 жылдары Қарағанды облыстық оқу-әдістемелік орталық директорының орынбасары, одан кейін Қарағанды қаласы дарынды балаларға арналған «Мұрагер» мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 2007 жылы Қарағанды облысы дарынды балалармен жұмыс бойынша аймақтық ғылыми-әдістемелік орталықтың директоры болып тағайындалды. Жәкенов Мейрам Әміржанұлы дарынды балалардың интеллектуалдық қабілеттерін ашатын көптеген ғылыми жұмыстардың авторы. Оның «Дарынды балалардың интеллектуалды қызметін ғылыми тұрғыдан ұйымдастыру», «Оқушылардың құзыреттілігін бағалаудың рейтингтік жүйесі» тақырыптары бойынша жұмыстары Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстары мектептерінің жұмыс тәжірибесіне енгізілген.  Ол Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен және Ы.Алтынсарин медалімен марапатталған, сонымен қатар ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері.  Мейрам Әміржанұлы поэзияны жақсы көреді. Ол 2008 жылы Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы Тұңғыш интеллектуалды мектептің директоры болып тағайындалды.

Оспан Рамазан Жаншарипович

ОСПАН РАМАЗАН ЖАНШӘРИПҰЛЫ

Директордың ғылыми-әдістемелік жөніндегі орынбасары

1986 жылы С.Сейфуллин атындағы педагогикалық институтының филология  факультетін бітірісімен, еңбек жолын Целиноград қаласындағы № 5  орта мектепте орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастады. 1993 жылы Ақмола педагогикалық институтының орыс мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша біліктілігін қайта арттырды. 1988-2002 жылдары Астана қаласындағы № 23 орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарды. 2002 жылы № 25 орта мектепке директордың ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары болып ауыстырылды. 2009 жылы Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы интеллектуалды мектепке қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі болып қабылданды. 2009-2010 оқу жылы Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі директорының ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.

Боранбаева Гульнар Елеусизовна

БОРАНБАЕВА ГУЛЬНАР ЕЛЕУСИЗОВНА

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

О. Жәутіков атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған физика-математика орта мектеп-интернатын1989 жылы бітіргеннен кейін Гүлнар Елеусізқызы Әл-Фараби атындағы ҚазақМемлекеттік Университетінің  механика және қолданбалы математика факультетіне оқуға түсті.    Өзінің педагогикалық  еңбек жолын 1995 жылы, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің сырттай оқу факультетінің әдіскері ретінде бастады.1998-2008 жылдары Қарағанды облыстық  дарынды балаларға арналған «Мұрагер»  мектеп-интернатында математика пәні мұғалімі қызметін атқарды.    2008 жылы Борамбаева Г.Е. Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне жұмысқа қабылданды.    Нәтижелі еңбегі мен  кәсіби шеберлігі үшін  Гүлнар Елеусізқызы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның мақтау қағаздарымен, ҚР Білім және ғылым министрлігінің  Құрмет грамотасымен марапатталды.    Ол Республикалық инновациялық педагогикалық жобалар фестивалінің, «Үздік авторлық  бағдарлама» республикалық байқауының жеңімпазы.    2012 жылы өткізілген педагогикалық аттестация нәтижесі бойынша  оған «Мұғалім-эксперт» атағы берілді.2012-2013 оқу жылында Гүлнар Елеусізқызы мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалды.

Ерниязова Жупат Ораловна

ЕРНИЯЗОВА ЖУПАТ ОРАЛОВНА

Директордың бейіндік оқыту бойынша орынбасары

Ерниязова Жұпат Ораловна Қарағанды Мемлекеттік Университетінің тарих факультетіне 1981 жылы оқуға түсіп, аталған оқу орнын 1986 жылы үздік дипломмен аяқтады. Мамандығы - тарих және қоғамтану пәнінің мұғалімі. 1986 жылдан бастап өз мамандығы бойынша педагогикалық қызмет атқаруда. Педагогикалық еңбек өтілі -28 жыл.2009 жылдан бастап Астана қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде тарих пәнінің мұғалімі ретінде еңбек етеді. 2011 жылы қараша айында Зияткерлік мектептер арасында өткізілген «Жыл мұғалімі» байқауында ІІ жүлделі орынды иеленген Жұпат Ораловна «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының арнайы Дипломымен марапатталды. 2012 жылы өткізілген мұғалім біліктілігін аттестациялау қорытындысы бойынша оған «эксперт-мұғалім» санаты берілген. Ерниязова Жұпат Ораловна 2012 жылы Кембридж университетінің мамандары ұйымдастырған курсқа қатысып, оқытудың 7 модулі бойынша ІІІ базалық деңгейдің тренері атанды.2014 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша Финляндияда Хaмеенлинна қаласының HAMK университетінде (HAMK University of Applied Sciences) «Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі» мамандығы бойынша ғылыми-зерттеу тағылымдамадан және 6 айлық ағылшын тілі курсынан өтіп, білімін жетілдірді. 2014 жылдың тамыз айында Ерниязова Жұпат Ораловна Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі директорының бағдарлы-экспериментальдық жұмыс бойынша орынбасары болып тағайындалды.

Иманбекова Эльмира Куатбековна

ИМАНБЕКОВА ЭЛЬМИРА ҚУАТБЕКҚЫЗЫ

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Эльмира Қуатбекқызы 1999-2001 жылдары Тараз қаласындағы «Мақсат» Қазақстан-Америка мектебінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 2001-2006 жылдары Жамбыл облысындағы  дарынды балаларға арналған «Дарын» облыстық мектеп-интернат директорының тәрбие ісі жөніндегі, ғылыми-әдістемелік жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.  2006-2008 жылдары Астана қаласындағы дарынды балаларға арналған «Зерде» мектебінде директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары.

Бисенгалиев Нурболат Романович

БИСЕНГАЛИЕВ НУРБОЛАТ РОМАНОВИЧ

Директордың сыртқы байланыс бойынша орынбасары міндетін атқарушы 

Бисенғалиев Нұрболат Романович 1988 жылы дүниеге келген, қазақ, білімі -жоғары.  2009 жылы Орал қаласындағы Еуразия академиясын  «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығы бойынша бітірген.  2011 жылы  Назарбаев Университеті жанындағы бір жылдық біліктілікті арттыру курсынан өткен. 2013 жылы  «Болашақ» бағдарламасы бойынша Белфастың Корольдік Университетінде (Ұлыбритания) «Білімдегі көшбасшылық» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған.  Нұрболат Романович педагогикалық еңбек жолын Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжінде ағылшын тілі пәнінің мұғалімі ретінде бастаған. 2010 жылдың сәуір айынан бастап Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде ағылшын тілі пәні мұғалімі болып жұмыс істейді. 2013 жылдың қыркүйек айында  А.Н. Хорошаштың академиялық демалыс мерзіміне  мектеп директорының сыртқы байланыстар бойынша орынбасары міндетін атқарушы болып тағайындалды.


Видеотрансляция