Мектеп порталы
kk-KZru-RUen-US
Конкурстық іріктеу ережесі

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7 сыныптарына түсу үшін конкурстық негізінде оқушыларды іріктеу бойынша ақпарат


 2013 жылғы 22 - 23 маусымда  Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Тараз, Шымкент қалаларының Назарбаев Интеллектуалды мектептерінің  7 сыныптарында 2013-2014 оқу жылына  оқу үшін оқушыларды конкурстық негізінде іріктеу өткізіледі.

Конкурстық негіздегі іріктеу екі кешенді тестілеуден тұрады: пәндік тест бойынша және қабілеттілік тесті бойынша.

Тестілеу екі күн ішінде өткізіледі. Барлық үміткерлер екі тесті де орындайды.

Іріктеу тәртібі және тестілік тапсырмалар ДББҰ «Назарбаев Зияткерлік мектептері» стратегиялық әріптестерімен бірлесіп әзірленген. 

 Пәндік тест Педагогикалық өлшеулер институтымен  Cito (Нидерланды) және  қабілеттілік тесті – Джонс Хопкинс Университетінің Дарынды жастар орталығымен,  СTY (АҚШ) бірлесе отырып әзірленген.

Тестілеу қағаздық түрде өткізіледі. Тестілеу барысында үміткерге сұрақ кітапшасы және жауап парағы беріледі. Барлық қажетті есептеулер сұрақ кітапшасында орындалып, дұрыс жауаптар жауап парағына енгізілуі тиісті.

Тестілеудің бірінші күні

2013 жылғы 22 маусымда математика, қазақ, орыс, ағылшын тілдері бойынша пәндік тест өткізіледі.

Пәндер бойынша тест білімді, оны қолдана алуды, және оқушының функционалды сауаттылығын бағалауға бағытталған. Математика бойынша сұрақтарда әр-түрлі өмірлік жағдайлар, диаграммалар, графиктер, суреттер қолданылады. Тілдер бойынша сұрақтар мәтінмен жұмыс істеу арқылы тілдік дағдыларды тексеруге бағытталған.

Әр пән бойынша тестіні орындауға бөлек бекітілген уақыт бөлінеді.

Тестілік тапсырмалар саны мен оларды орындауға бөлінетін уақыт

Пән

Сұрақ саны

Тестілеу уақыты

1

Математика

40

60 минут

2

Казақ тілі

20

40 минут

3

Орыс тілі

20

40 минут

4

Ағылшын тілі

20

40 минут

 

Барлығы

100

180 минут

Тестілік материалдарды таратуға, жауап парақтарын және сұрақ кітапшасының сыртқы бетін толтыруға, аудиторияда тәртіп ережесін түсіндіруге кететін уақыт тестілеу уақытына  кірмейді.

Тестілеудің екінші күні

 2013 жылғы 23 маусымда екі секциядан тұратын жаратылыстану-математикалық ғылымдарды оқуға қабілеттілік тесті өткізіледі:

1.  «Сандық сипаттамалар» секциясы

                        Тест тапсырмалары оқушылардың сандармен логика негізінде жұмыс істей білу қабілеттерін тексереді. Тапсырмалар пәндер бойынша оқу бағдарламасымен байланысты емес.

2.  «Кеңістікте ойлау» секциясы

            Тапсырмалар оқушылардың кеңістіктегі заттардың байланысын түсіну және есте сақтау қабілетін «үш өлшемді қорапты ойша айналдыру» және «ойша үш өлшемді қорапты бүгу» қабілетін тексереді.

            Бұл тарау үш бөлімнен тұрады:

·                     «Есте сақтау (есте сақтау және еске түсіру)»;

·                    «Фигура бетінің жазбасы»;

·                    «Блоктың айналуы».

Тестілік тапсырмалар саны мен оларды орындауға бөлінетін уақыт

Тест тарауының аты

Сұрақтар саны

Тестілеу уақыты

1

«Сандық сипаттамалар»

60 сұрақ

30 минут

2

«Кеңістікте ойлау»

74 сұрақ

47 минут

2.1

«Көру арқылы есте сақтау (еске алу)»

Есте сақтау үшін 20 форма

8 минут

2.2

«Фигура бетінің жазбасы»

30 сұрақ (6 фигура)

14 минут

2.3

«Блоктың айналуы»

24 сұрақ

17 минут

2.4

«Көру арқылы есте сақтау (еске түсіру)»

 

8 минут

Барлығы

77 минут

Тестілеу нәтижелерін өңдеу

Тестілеу нәтижелерін өңдеу статистикалық және психометрикалық сараптаманы қолдану арқылы ДББҰ-ның стратегиялық әріптестерімен іске асырылады: пәндік тест бойынша Нидерландыда, қабілеттілік тесті бойынша АҚШ-та.

Статистикалық өңдеу кезінде тестілеу нәтижелерінің сенімді және дәл болуына қол жеткізу мақсатында пәндік тест бойынша үміткерлердің баллдары теңделген баллдарға ауыстырылады.

Тестілеу нәтижелерін есептеу кезінде ең жоғары бал төмендегідей болады: 

Пәндік тест

Пәннің атауы

Ықтимал ең жоғары бал

1

Математика

400

2

Казақ тілі

200

3

Орыс тілі

200

4

Ағылшын тілі

200

Ықтимал ең жоғары балдардың жалпы саны

1000

         

Қабілеттілік тесті

Секцияның атауы

Ықтимал ең жоғары бал

1

«Сандық сипаттамалар» секциясы

60

2

«Кеңістікте ойлау» секциясы

74

Ықтимал ең жоғары балдардың жалпы саны

134

Оқушыларды тестілеу нәтижелерін психометрикалық өңдеуді қолдану тестік тапсырмалардың сапасын есепке алуға және қорытынды баллдарды автоматты түрде түзетуге мүмкіндік береді және апеляциясыз барлық үміткерлерге тең мүмкіндіктер беруді қамтамасыз етеді.

Конкурстық негізде оқушыларды іріктеу нәтижесі бойынша апелляция өткізілмейді.

Іріктеу тәртібі

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының "Өркен" білім беру грантына тағайындау конкурсына:

математика бойынша ықтимал ең жоғары балдың отыз бес және одан да көп пайызын;

«Сандық сипаттамалар» бөлімі бойынша ықтимал ең жоғары балдың қырық және одан да көп пайызын алған үміткерлер өтеді.

          Конкурс грант тағайындау бойынша Республикалық комиссияның тестілеу қорытындыларын қарастыру жолымен өткізіледі.

Конкурстың қорытындылары бойынша комиссия нақты мектептер бойынша бөлінген гранттардың шегінде пәндік тесті (4 пән бойынша жалпы балл) бойынша анағұрлым жоғары балл алған 7-сыныпта оқуға үміткерлерге грант тағайындайды.

Пәндік тесті бойынша бірдей балл алған жағдайда математика бойынша жоғарырақ балл алған үміткерлерге басымдық беріледі.

Үміткерлердің математика бойынша алған балдары тең болған жағдайда жаратылыстану - математикалық ғылымдарды зерделеу қабілеттер тесті бойынша жоғары балл алған үміткерге басымдық беріледі.

Грант тағайындау үшін іріктеу

1

4 пән бойынша анағұрлым жоғары балл

 

 

2

 

Математика бойынша жоғары балл

 

3

 

 

«Сандық сипаттамалар» + «Кеңістіктік ойлау» секциялары бойынша жоғары балл

Қорытындылар бойынша ақпараттандыру

Тестілеудің қорытындылары сайтта және кешенді тестілеу өткізілген ғимаратында  тестілеудің екінші күнінен бастап бес аптадан кейін жарияланады.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының "Өркен" білім беру грантына тағайындау бойынша республикалық комиссияның конкурстың қорытындылары бойынша шешім хаттамамен рәсімделеді және қол қойғаннан бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей сайтта жарияланады.

Видеотрансляция