Елордадағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектеп оқушысы Наргиз Ахметованың жасанды интеллектке арналған мақаласы канадалық Fellowship Journal-да 2022 жылғы 23 қазанда жарияланды.
Наргиз «Artificial Intelligence in Finance: Benefits and pitfalls of AI-trading» зерттеуінде FOREX қаржы нарығындағы жасанды интеллект мүмкіндіктерін талдайды, бұл өзгерістерді жоғары дәлдікпен болжау үшін қажетті деректердің үлкен көлемін тиянақты өңдеуге мүмкіндік береді. Жасанды интеллектке қызығушылық танытатын жас маман ретінде мектеп оқушысы оны ғылымның әртүрлі салаларына енгізуге мүдделі.
Fellowship Journal (SFJ) – Канада еліндегі ең ірі баспалардың бірі Canadian Science Publishing медиахолдингі құрамына кіреді. Белгілі SFJ академиялық журналы толығымен STEM саласындағы түрлі мемлекеттің студенттері мен жоғары сынып оқушыларының зерттеулерін бөлісуге бағытталған.
2021 жылдың қыркүйегінен бастап Наргиз «Inspirit AI» Inc. компаниясында (Сан-Франциско, АҚШ) орта мектеп оқушыларына жасанды интеллект тұжырымдамаларын үйрету үшін құрылған «Leadership Fellow» бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өтуде. Ол онлайн тағылымдама барысында машиналық оқыту мен жасанды интеллект әдістерінің үйлесімі – терең оқыту саласындағы сарапшы-практиктердің панельдік лекцияларын тыңдайды.
Наргиз Ахметова өткен жылдың қараша айында рентгендік суреттер бойынша пневмонияны автоматты түрде анықтауға қабілетті МedIm жобасын әзірлеп, желілік байқауда жеңіске жетті.