Шынгыс – Жас интеллектуалдар Республикасының Президенті

Жақында ғана  мектепте жас интеллектуалдар  Республикасының Президентін сайлау науқаны аяқталды. Зияткерлік мектеп  соңынан ерер өз көшбасшысын таңдады. Оқушылардың өзін-өзі  басқару  ұйымының  жаңа жетекшісі жас жеткіншектердің мектеп өмірін ұмытылмастай  ететін жобаларды жүзеге асырып, түрлі бастамалар көтеріп,  көптеген игі істердің ұйтқысы болуы тиіс. Мектептің «Орталық сайлау комиссиясы » сайлау науқанын үлкендердің үлгісінде өткізді: сайлау алдында үміткерлердің сенімді [...]

Cемсерлесу – зиялы спорт түрі

Семсерлесу - өзіңе тигізбей қарсыласыңды шаншып өту өнері. Қарсыласыңа бірінші соққыны жасауға мүмкіндік бермей, шап беру әр қимылды қалт жібермей, ескерту жасайтын көзге де, болған жайды тез саралап, шешім қабылдайтын ақыл-ойға да, сол шешімді тез жүзеге асыратын қолға да оңай емес, оған тағы қолдағы қаруға жан бітіретін дәлдік пен жылдамдықты қосыңыз. — Мольер Семсерлесу адамның [...]

Ганновер (Германия) Халықаралық мектебінің оқушылары Зияткерлік мектепте

Астана қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі шетелдік білім мекемелері мен оқу орындары арасындағы халықаралық байланыстар бойынша  оқушылар мен мүғалімдерді қабылдау мүмкіндігіне ие. 10 - 15 қыркүйек аралығында  Зияткерлік мектеп  Германиядағы серіктес мектеп – Ганновер қаласындағы халықаралық мектептің екі оқушысы мен бір мұғалімін қабылдады. 10-сынып оқушысы  Пьер Юстус  Версен 14 жаста, ол  спортпен айналысып, дебаттарға [...]

Ықылас пен қамқорлыққа толы қуаныш

Жақында Астана қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10 Е және 12 В сыныбының оқушылары өздері қамқорлыққа алған ерекше күтімді қажет ететін балаларға арналған «Асыл Бөбек» балабақшасында болып қайтты. Жас интеллектуалдардың бүлдіршіндермен дос болып, оларды өз қамқорлықтарына алғанына сегіз жылдай уақыт болды. Бұл жолы да оқушылар балабақшаға сыйлықтармен келді: кітаптар мен ойыншықтарды бүкіл Шаңырақ болып [...]

Әлемді тануға, жаңа достар табуға, бақытты болуға берілген мүмкіндік үшін алғыс айтамын

2017жылs 13 қыркүйекте  Астана қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7-сынып оқушылары  21 - 30  тамызда Францияда  өткен «IESO» (International Earth Science Olympiad) – Жер туралы ғылымдардың Халықаралық олимпиадасына қатысқан 10-сынып оқушысы Калымова Аружан мен 12-сынып оқушысы Шынғыс Мөлдірмен кездесті.Олимпиаданың  командалық кезеңінде ESP (Earth Science Project) – Жер туралы  ғылымдар бойынша жоба қорғаған Аружан мен [...]

«Планетамызды қорғайық» халықаралық қозғалыс көшбасшысы Зияткерлік мектепте

2017 жылдың 4 қыркүйегінде «Планетамызды қорғайық» халықаралық қозғалысының көшбасшысы, доктор Радженда Пачаури Астана қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде кездесу өткізді. Кездесуге 11-12 сынып оқушылары, шетелдік ұстаздар мен STEM  мұғалімдері қатысты. Біріккен Ұлттар Ұйымында  ауа-райындағы  ғаламдық өзгерістер бойынша топқа жетекшілік ететін Нобель сыйлығының лауреаты, доктор Раджендра Кумар Пачауридің Зияткерлік мектепке бұл екінші рет келуі.  Маусым [...]

«Рыбаков Қоры» Зияткерлік мектепте

4 қыркүйекте Астана қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне «Рыбаков Қорының» білім беру бағыты бойынша вице-президенті, «Национальная Открытая школа» Ұлттық порталының  негізін қалаушы, EdCrunch оқыту технологиялары бойынша халықаралық конференцияның бағдарламалық директоры Нұрлан Қиясов келді. «Рыбаков Қоры» 2015 жылы Ресейдің 200 ең бай адамдарының қатарындағы кәсіпкер Игорь Рыбаков құрған коммерциялық емес ұйым. Көбіне түрлі дайын жобаларды [...]

Армысың, алтын ұя, мектебім!

Бүгін бізде мереке, Білім күнін тойлаймыз! Армысың, алтын ұя, мектебім!   Астана қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Армысың, алтын ұя мектебім!» атты Білім күніне арналған салтанатты жиынға Елбасының ұлттық сананың заманауи әрі рухани жаңғыруы туралы айтқан сөздері арқау болды. Әсем безендірілген мектеп ауласы бір-бірімен сағына қауышқан 7-12 сынып оқушылары  мен олардың ата-аналарына, мектебін, ұстаздарын  [...]