Ганновер (Германия) Халықаралық мектебінің оқушылары Зияткерлік мектептегі достарымен қайта қауышты

Астана қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі оқу орындары арасындағы халықаралық байланыстар мен оқушылар алмасу бағдарламасы бойынша  шетелдік оқушылар мен мүғалімдерді жүйелі қабылдап келеді. 24-29 қыркүйек аралығында Зияткерлік мектеп Германиядағы серіктес мектеп – Ганновер қаласындағы халықаралық мектептің 8 оқушысы мен екі мұғалімін қабылдады. Апта бойы қонақтар мектеп өміріне белсене араласып, кесте бойынша сабақ оқыды, үйірмелер [...]

Мектепке чемпион келді!

Индонезияда өткен Азиада-2018 ойындарында семсерлесуден Азиада чемпионы атанған Дмитрий Алексанин ел қоржынына көптен күткен алғашқы алтынды салған болатын. 10 қыркүйекте ҚР Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Дмитрий Алексанин Астана қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларымен кездесті. Атақты спортшыны қарсы алған мектеп директоры Жакенов Мейрам Әміржанұлы Азиада тарихында тұңғыш рет шпагада семсерлесуден алтын медаль алған  жеңімпазды [...]

Ғажайыпқа толы ғарыш көрмесін тамашалады

6-қыркүйек күні Назарбаев Зияткерлік мектеп жанындағы жатақхана тәрбиеленушілері  Ұлттық ғарыш орталығында «Аспан мен жер арасында» тақырыптық ғарыш көрмесін тамашалады. Елордамыз Астананың 20 жылдығына орай арнайы ашылған  «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ мен Тулуза (Франция) ғарыштық қалашығының әкімшілігімен бірлесіп ұйымдастырылған көрме екі тақырыптық экспозициядан тұрады. «Кометалар – планета жүйелерінің негіз салушылары» және «Су: жоғарыдан қарағандағы көрініс» [...]

Зияткерлік мектеп – болашақ бастауы

2018 жыл 1 қыркүйекте Астана қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің  оқушыларын Білім еліне шақырған алғашқы қоңырау соғылды. Білім күніне арналған салтанатты саптүзеу «Ұлы дала» хореографиялық композициясымен басталды. Жаңа оқу жылының басталуымен мектеп ұжымын, «Өркен» білім грантын жеңіп алып, Зияткерлік мектепте білім алу мүмкіндігіне ие болған 7-сынып оқушылары мен олардың ата-аналарын мектеп директоры Мейрам Әміржанұлы [...]