“NIS for All” жобасы оқуға түсуге көмектеседі

"Interact" клубының мүшелері көпбалалы және аз қамтамасыз етілген жанұя балаларына арнап Зияткерлік мектепке оқуға түсуге көмектесетін дайындық курстарын ұйымдастырды. Астана қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 12-сынып оқушысы Мадина Арапованың бастамасымен құрылған "Interact" клубының жұмыс істей бастағанына көп уақыт болған жоқ. Клуб халықаралық "Rotary" қайырымдылық қорымен ынтымақтастықта  жұмыс жүргізіп, оның құрамдас бөлігі болып табылады. Клубтың [...]

Тәуелсіздік күніне арналған мереке

Астана қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі басты ұлттық мереке – Тәуелсіздік күнін атап өтті. Осынау үлкен мереке қарсаңында мектепте сынып сағаттары мен ашық сабақтар өтіп, көрмелер ұйымдастырылды, қайырымдылық акциялары өткізілді. Мектептің акт залында сахналық қойылыммен басталған «Тарих шырғалаңынан тәуелсіздік шыңына» атты мерекелік концерт өтті. Оқушылар Ұлы даланың ғасырлық тарихына шолу жасап, сахнада көрнекті қазақ [...]

Жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиада өтті

Желтоқсанның 6 күні физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде жалпы білім беретін пәндер бойынша мектепішілік олимпиаданың бірінші туры өтті. Олимпиада үш кезеңнен тұрады: желтоқсанда мектепішілік іріктеу кезеңі өтсе, 2019 жылдың 3-7 қаңтарында  Назарбаев Зияткерлік мектептері арасында желілік олимпиада, наурыз айында олимпиаданың шешуші -республикалық кезеңі өтеді. 8-12-сынып оқушылары арасында өтетін  мектепішілік кезеңге әдетте ең көп оқушы қатысады. [...]

Тәжірибе тарату – мұғалім жетістігіне бастар жол

2018 жылдың 4 желтоқсанында Астана қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде бас қаланың жетекші мектептерінің тіл мамандарына арналған әдістемелік күн өтті. Әдістемелік күнге  жалпы білім беретін елорда мектептерінен 60-тан астам мұғалім келді. «Педагогикалық шеберлік орталығы» мекемесінің әдіскері  Ш. Калиханова мен Зияткерлік мектеп директорының бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары Т.С.Варламова қатысушыларды жұмыс жоспары мен әдістемелік күннің мақсат-міндеттерімен [...]