«Кітап әлемді бағындырады» – кітапқұмарлар мерекесі

25 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің спорт залында кітап мерекесі өтті. Мереке халықаралық балалар кітабы күні, 23 сәуір – Халықаралық кітап және авторлық құқық күніне орай осымен 3-ші жыл қатарынан «Кітап әлемді бағындырады» атты жоба аясында ұйымдастырылып отыр. Оқушылар, ата-аналар мен мұғалімдерден тұратын мектеп ұжымын кітап оқуға тарту, рухани дамыту, кітап беделін [...]

Мектептің жаңа Президенті сайланды

22 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің Президентін сайлау науқаны аяқталды. 23 сәуірде Сайлау комиссиясы ең көп дауыс жинаған үміткердің аты - жөнін жариялады. Оқушылар мен ұстаздар қауымдастығы мектеп тізгінін ұстар көшбасшыны ұсынылған үміткерлер қатарынан таңдады: АЗАМАТОВА НУРИЯ АЙТЖАН РАХАТ ВАЛИЕВА САЙОРА ДЮСЕКИНА ДИЛЬНАЗ ЕРКІН ЕРХАН ТҮЛЕУОВ ЕРНҰР. Мектептің Student Council өзін-өзі басқару [...]

«Литерде» қонақта

2019 жыл 17 сәуірде  IX Наурыз кездесулерінің жеңімпаздары -  8-сынып оқушылары Ерасыл Тауекел мен Рахат Жакиенов, 11-сынып оқушысы Альнур Акчурин мектеп директорының ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Рамазан Жаншәріпұлы  Оспан, кеңейтілген физика зертханасының меңгерушісі Оралбек Назарханұлы Бидайбеков  «Литер»  республикалық қоғамдық-саяси газеті редакциясында қонақта болды. «Литердің» қонақ бөлмесінде оқушылар мен ұстаздарды  «Айқын-Литер» ЖСС  директоры, «Литер» газетінің  бас [...]

«Infomatrix-Asia-2019» – компьютерлік жобалар байқауы

Сәуір айының 12-15 аралығында Алматы қаласында Сулейман Демирель атындағы Университетте компьютерлік жобалардың «Infomatrix-Asia-2019» VI халықаралық байқауы өткен болатын. Осы байқауда  физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Маукей Зульфхар мен  11-сынып оқушысы Алиев Алишер ақпараттық технологиялар саласындағы білімі мен шеберлігін көрсетті. Байқау «Робототехника», «Программалау», «Компьютерлік графика және өнер», «Басқару жүйесі» (hardware), «Қысқа метражды фильм», «Дрондар [...]

Мәскеуде өткен ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары

Нұр-Сұлтан қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары В.И. Вернадский атындағы XXVI жалпы ресейлік зерттеу жұмыстары байқауының лауреаттары атанды.  Байқау 8-13 сәуір аралығында Мәскеу қаласы Ресей Ғылым академиясында өтті. Зияткерлік мектептің оқушылары ұсынған ғылыми жобалар байқауда қазылар алқасының жоғары бағасына ие болып, бірінші дәрежелі дипломдармен марапатталды. Олар: Даурбаев Алиас –1-дәрежелі диплом, жоба тақырыбы: «Тиляпий балықтарымен [...]

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7 сыныптарына оқушыларды іріктеу конкурсының нәтижелері

Құрметті ата-аналар!  Алфавиттік тізімдегі «Ескерту*» бағанындағы "жіберілді", "жіберілмейді" сөздері шекті деңгейден өткен статусын анықтайды. Конкурстың соңғы нәтижесі және грант тағайындау жөніндегі шешім бөлінген гранттардың шегінде "Өркен" білім беру грантын тағайындау жөніндегі Республикалық комиссия отырысында қабылданады. Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7 сыныптарына оқушыларды іріктеу конкурсының нәтижелері бойынша түсініктеме Конкурс нәтижелері бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану арқылы оқушылардың жауаптарын [...]

Зияткерлік мектеп Халықаралық денсаулық күнін атап өтеді

5 сәуірде физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Халықаралық денсаулық күніне арналған «Бізбен бірге, бізден жақсы жаса» атты эстафеталық жарыс өтті. Армрестлинг, кір көтеру, арқан тарту сияқты  бірнеше станциялар бойынша өткен эстафета спорттық бағдарламаларды бастап берді. Денсаулық күні мектеп оқушылары мен ата-аналар, мектеп қызметкерлері үшін үстел теннисі, волейбол, баскетбол, жүгіруден спорттық жарыстар өтіп, мектептің үздік спортшылары [...]

Тоғыз құмалақ сайысы

Тоғызқұмалақ – логикалық ойлау өнері болып саналатын ұлттық интеллектуалдық ойын. Жасөспірім ұрпақтың ақыл-ойының дамуына зор мән берген бабаларымыз 4000 жыл бұрын осы ойынды ойлап тауып, балалардың пайымдауы мен зердесін, қабілеттілігін шыңдаған. Бүгінде тоғызқұмалақ қайта жанданып, түрлі деңгейде халықаралық жарыстар жиі өткізіледі. Бұл ойынға Зияткерлік мектепте де ерекше мән беріледі. Мектепте "Тоғызқұмалақ" үйірмесі жұмыс істейді, оқушылар [...]

Күлкі күні өткен көңілді кездесу

1 сәуір, күлкі мен әзіл - қалжыңға толы күні мектептің акт залында оқушыларды тосын сый күтіп тұрды. 2017 жылдың чемпионы атанған көңілді тапқырлар клубының «Спарта-Номад» командасының капитаны Данияр Жумадилов пен команда ойыншысы Олжас Рымбаев жас зияткерлерге қонаққа келді. Алғаш рет КВН ойындарының жоғарғы лигасының чемпиондары атанып, елімізге ойынның ең басты кубогын алып келген ойыншылар оқушылардың [...]