БҮГІН ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНДЕР БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ҮШІНШІ ЖЕЛІЛІК КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық білім додасында  NIS намысын қорғайтын жүзден жүйрік үздіктерді анықтайтын желілік олимпиада  басталды. 19 ақпанда Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары арасында өтетін желілік олимпиаданың ашылу салтанаты өтті. Қашықтан ұйымдастырылған олимпиаданың желілік кезеңі 22 ақпаннан 3 наурыз аралығында өткізілмекші. Пән олимпиадасына еліміздегі Зияткерлік мектептерде оқитын 700-ден аса оқушысы қатысады. Нұр-Сұлтан қаласы физика-математика [...]

Құрметті үміткерлер мен ата-аналар!

Елдегі коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тұрақсыздығына байланысты, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7 сыныптарында білім алу үшін оқушыларды конкурстық іріктеу мерзімі ауыстырылды. Тестілеудің өткізілетін күні қосымша хабарланады. Тиісті ақпарат «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның, сондай-ақ Зияткерлік мектептердің ресми сайттары мен барлық интернет ресурстарында жарияланады.

ОМАН СҰЛТАНАТЫНЫҢ ЕЛШІСІ МҰХАММЕД БЕН АБДУЛЛА БЕН САЛИХ ӘЛ-БАХРАНИ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПКЕ КЕЛДІ

Оман Сұлтанатының Қазақстандағы Елшісі Мұхаммед бен Абдулла бен Салих әл-Бахрани  Нұр-Сұлтан қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне келді. Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова Зияткерлік мектептер желісімен, басты ұстанымдарымен, оқу бағдарламасы мен тәрбие жүйесінің ерекшеліктерімен, NIS-тің әлеуметтік жобалары мен  қосымша өткізілетін элективті курстармен таныстырды. Дипломатқа арнап мектепте кампус-тур  ұйымдастырылды. Құрметті [...]

ДИКАНЬКИ ТҰРҒЫНДАРЫНДА ҚОНАҚТА

Нұр-Сұлтан қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде бірінші ақпанда  орыс тілі мен әдебиеті  онкүндігі басталды. Қашықтықтан ұйымдастырылған  пән апталығы аясында мұғалімдер ашық сабақтар, «Қыс - орыс ақындарының шығармашылығында» , «А.С.Пушкин шығармашылығындағы ғашықтық тақырыбы»  бойынша мәнерлеп оқу сайысын, сүйікті әдеби шығарма желісі бойынша салынған суреттер конкурсын, «Фразеологизмы»  атты «Көңілді тапқырлар клубын» және басқа іс шаралар өткізуді [...]