ЖАС РОБОТОТЕХНИКТЕРГЕ СӘТТІЛІК ТІЛЕЙМІЗ!

30 қыркүйекте Алдияр Пазилов (11D), Әмина Рахымбергенова (11 Е) және Дәулет Мұханов (12F) - Нұр-Сұлтан қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің командасы Дүниежүзілік роботтар олимпиадасының (WRO) іріктеу кезеңіне қатысты.  Биыл WRO-ның ұлттық кезеңі тарихта алғаш рет  онлайн форматта өтті. Zoom платформасында кездескен 39 команданың үштен бірі – Назарбаев Зияткерлік мектептері өкілдері болды. WRO-2021 байқауының басты [...]

ПРЕЗИДЕНТТІК ОЛИМПИАДАНЫҢ ІРІКТЕУ ТУРЫ ӨТТІ

30 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде жаратылыстану – математикалық цикл пәндері бойынша оқушылардың Президенттік олимпиадасының бірінші-өңірлік кезеңі өтті. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында жыл сайын өткізілетін олимпиаданың іріктеу кезеңіне 12 сыныптың 20 оқушысы қатысты. Қатысушылар төрт пән бойынша: математика, физика, химия және биологиядан өз білім деңгейін көрсетті. Іріктеу кезеңінің жеңімпаздары қараша [...]

ҚЫЗУ ҚОЛДАУ ТАПҚАН ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБА

Нұр-Сұлтан қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Жасмин Жантасованың «Туған елге тағзым» желілік байқауына ұсынған әлеуметтік жобасы елімізге танымал қордың қызу қолдауына ие болды. “Act of Kindness” жобасы аясында Жасмин қолданыстан шыққан киімдерді қайта тұтыну жолдарын насихаттауға бағытталған веб-сайт және арнайы контейнер үлгісін ұсынды. «Менің жобамның мақсаты: мұқтаж жандарға көмек көрсету мақсатында сауда-ойын-сауық [...]

«ТУҒАН ЕЛГЕ ТАҒЗЫМ» ЖЕЛІЛІК БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

27 қыркүйекте «Туған елге тағзым-2021» өлкетану-зерттеу экспедициясына қатысушылардың ғылыми жобалары мен шығармашылық жұмыстарының  желілік байқауы басталды. Биыл туған өлкенің тарихи-мәдени мұрасы туралы білімді тереңдетуге және кеңейтуге бағытталған патриоттық жоба Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналып отыр. Байқаудың шешуші кезеңіне Нұр-Сұлтан қаласы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектептің 33 оқушысы қатысып, 26 зерттеу жобасы мен шығармашылық жұмыс ұсынды. Қорғау [...]

МЕКТЕП РЕ-АККРЕДИТАЦИЯЛАУДАН ӨТЕДІ

2016 жылдың 27 қазанында Нұр-Сұлтан қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Халықаралық Мектептер кеңесінің  (CIS) мүшелігіне өтіп, аккредитациядан өткендігі туралы куәлік алған болатын. Мектептің халықаралық аккредитациядан өтуі жұмыс сапасының көрсеткіші болып табылады. Өз мәртебесін сақтау үшін мектеп әр бес жыл сайын қайта аккредитация рәсімінен өтуі керек. 2021 жылғы 20 қыркүйекте Халықаралық Мектептер Кеңесінің (CIS) өкілдері [...]

МАЛАЙЗИЯЛЫҚ ОҚУШЫЛАР ҚАТЫСҚАН ТӘУЕЛСІЗДІК САБАҒЫ ӨТТІ

16 қыркүйекте астаналық физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектепте «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының бастамасымен ұйымдастырылған «Тәуелсіздік сабағы» өтті. Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналып, ағылшын тілінде өткен сабақтың мақсаты – оқушыларды Ұлт көшбасшысының беделі мен саяси аренадағы қызметімен жан-жақты таныстыру, Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтарын насихаттау. Тәуелсіздік жылдарында еліміз қол  жеткізген жетістіктер дәріптелген сабаққа елордадағы жетекші мектептердің [...]

«ЖАСАМПАЗДЫҚ ПЕН ДАМУ ЖЫЛДАРЫ» ТАРИХ САБАҒЫ

15 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Жасампаздық пен даму жылдары» атты ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты - Ұлт Көшбасшысы - Нұрсұлтан Назарбаевтың Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы рөлі мен үлесін көрсету. Тәуелсіздік тарихын зерттеудің маңыздылығы туралы ашық сабаққа Нұр-Сұлтан қаласының жетекші мектептерінің мұғалімдері мен оқушылары шақырылды. Зияткерлік мектептің [...]

ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІНІҢ МОНИТОРИНГІ ӨТУДЕ

2021 жылдың 13-17 қыркүйек аралығында Нұр-Сұлтан қаласы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектепте негізгі пәндер бойынша 8-12 сынып оқушыларының оқу жетістіктеріне мониторинг жүргізілуде. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Аян Алтынбековтың айтуынша, мониторинг Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушыларының оқу жетістіктерін бағалау саясатына сәйкес  жыл сайын қыркүйек, қаңтар, сәуір айларында жүйелі түрде жүзеге асырылады.  Мониторинг бірнеше күн бойы "Математика", "Физика", [...]

СҮЙІКТІ МЕКТЕБІМЕН КЕЗДЕСУ – БАЛАЛЫҚ ШАҚПЕН КЕЗДЕСУ

Жақында Нұр-Сұлтан қаласы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектептің алғашқы түлектері Бекет Төлегенов пен Азат Сүлейменов  мектепке келді. Бекет Төлегенов - Embry-Riddle Aeronautical University америкалық аэроғарыш университетін бітірген бірінші қазақстандық. 2019 жылы Бекет PhD докторы дәрежесін қорғап, Нью-Хэмпшир университетінде ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді. Жақында «Болашақ» бағдарламасының түлегі елге оралды. Азат Сүлейменов - Назарбаев Университетінің түлегі, Бостон [...]

АЛДА – ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектеп ұжымы Білім күнін атап өтті. 2021-2022 оқу жылының басталуына арналған мерекелік іс-шаралар ерекше форматта ұйымдастырылды. Қауіпсіздік шаралары қатаң сақталған салтанатты жиын тек 7-8 сынып оқушылары үшін өтсе, қалған білім алушылар мен ұстаздар мерекелік салтанат барысын тікелей эфирде бақылады. Білім күнін мектеп ұжымын биыл толықтырған 200-ден аса жетінші сынып [...]