Елордадағы физика-математика бағытындағы NIS-тің 2022 жылғы үздік мұғалімі – Нұржан Сайлауханов

Елордадағы физика-математика бағытындағы NIS-тің 2022 жылғы үздік мұғалімі – Нұржан Сайлауханов Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы NIS-те «2022 жылдың үздік мұғалімі» байқауында тоғыз педагог бақ сынады. Ұстаздар екі турда да сәтті өнер көрсетіп, кәсіби жетістіктері мен педагогикалық тұжырымдамаларын ұсынды. Физика пәнінің оқытушысы Нұржан Сайлауханов байқаудың абсолютті жеңімпазы және үздік мұғалімі болып танылды. Жүлдегерлер құрамына ағылшын тілі […]


Жыл триумфы – екі кубок та елордадағы физика-математика бағытындағы NIS-ке табысталды

Жыл триумфы – екі кубок та елордадағы физика-математика бағытындағы NIS-ке табысталды Волейболдан желілік спартакиаданың финалы барлық ойыншылар мен жаттықтырушыларға, төрешілер мен жанкүйерлерге NIS-тің басты дәстүрлерінінің жаңғыруымен ерекшеленді. Пандемияға байланысты ұзақ үзілістен кейін Зияткерлік мектептердің үздік спорттық командаларына арналған ауыспалы кубок қайта берілді. Кубоктарды өткен маусымдардың жеңімпаздары атанған Павлодар қаласындағы Зияткерлік мектеп командасы (ұл балалар) мен […]


Чемпиондар елордадағы физика-математика бағытындағы NIS-те оқиды

Чемпиондар елордадағы физика-математика бағытындағы NIS-те оқиды NIS-тің қыз балалар командалары арасында өткен волейболдан үшінші желілік спартакиаданың ақтық кезеңі Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектеп құрамасының жарқын жеңісімен аяқталды. Жарыстың соңғы күні тамаша тартысты өткен ойындармен есте қалды. Спартакиаданың финалдық ойындарында Өскемендегі Зияткерлік мектеп пен Алматыдағы физика-математика бағытындағы NIS командалары кездесті. Бір-біріне есесін жібермеуге тырысқан споршылар […]


NIS-тің волейболшы ұлдары

Елордадағы физика-математика бағытындағы NIS-тің волейболшы ұлдары да чемпиондық атаққа ие болды Зияткерлік мектептердің ұлдар құрамалары арасында өткен волейболдан желілік спартакиадада елордадағы физика-математика бағытындағы NIS жеңіс тұғырынан көрінді.  Үшінші орынға ақтөбелік волейболшылар мен Астанадағы халықаралық бакалавриат мектебінің құрамасы таласып, екі ойын нәтижесінде өз алаңында ойнаған елордалық команда қарсыластарын ұтты. Чемпиондық атақ үшін ойын Тараз қаласындағы NIS […]


NIS ТҮЛЕКТЕРІНІҢ «SAMGAU» ФОРУМЫ ӨТТІ

2022 жылдың 23 желтоқсанында Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектебінде әр жылдардағы түлектер жиналған Түлектер форумы өтті. Іс-шараны ұйымдастыруға «Alumni NIS » қоғамдық бірлестігі ұйытқы болды. Шараға Зияткерлік мектепті бітірген 35-тен астам түлек қатысты. Олардың қатарында: Мадина Сәбитқызы – Пенсильвания университетінің студенті, Ахат Сүлейменов – NYUAD, БАӘ, Алишер Айымдос – Германиядағы FHWS университетінің студенті,  Қасымжан […]


«Samgau»

Құрметті Зияткерлік мектеп түлегі!  2022 жылдың 23 желтоқсанында Астана қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Samgau» атты  түлектердің форумы өтеді. Басталуы 9:30-да. Форум – мектеп бітірген түлектерге қымбатты мектебіне оралып, достары және ұстаздарымен қайта кездесуге, мектеп естеліктерінің жылы достық атмосферасына шомуға тамаша мүмкіндік туғызады. Форум арқылы Зияткерлік мектепті бітірген  түле өзінің мамандық пен университетті таңдаудағы […]