БОЛАШАҚ ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КУӘЛІКТЕР АЛДЫ

24 ақпанда  Астана қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің акт залында әскери есепке алу туралы куәліктерді табыс ету рәсімі өтті. Биыл 16 жасқа толған 100 ден астам бозбала азаматтық борышын өтеуге жарамды деп танылып, әскерге шақырылушы ретінде алғашқы құжаттарын алды. 10-12 сынып оқушыларына әскери есепке алу туралы куәліктерді Ауған соғысының ардагері, «Астана ақшамы» газетінің бас […]


ЖАН ЖЫЛУЫ МЕН ЖҮРЕГІН ҰСЫНАДЫ

Жақында «Оқжетпес» Шаңырағының оқушылары куратор Зита Раджабовна Ещановамен бірге панасыз жануарларға арналған «Досыңды құтқар» орталығына барды. Қазіргі уақытта бұл баспанада 100-ден астам ит бар. Aстана қаласындағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектебінің оқушылары 2019 жылдан бері «Досыңды құтқар» баспанасымен ынтымақтастықта панасыз жануарларға белсенді түрде көмектесуге тырысады. Бұл жолы да оқушылар төрт аяқты достарына арнап алдын ала сый […]


ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНДЕР БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ЖЕЛІЛІК КЕЗЕҢІ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНДЕР БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ЖЕЛІЛІК КЕЗЕҢІ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың желілік кезеңі аяқталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер есімі жарияланды. Республикалық олимпиаданың желілік кезеңіне 500-ден аса оқушы қатысты. Елордалық физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектеп атынан білім сайысына 40-тан аса оқушы қатысты. Білім байқауының қорытындысы бойынша олардың 6 жеңімпаз танылса, 28 оқушы […]


ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТТЕР ЖӘРМЕҢЕСІ ӨТТІ

ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТТЕР ЖӘРМЕҢЕСІ ӨТТІ 20 ақпан күні Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектебінде ұлттық салт-дәстүрді, халықтар мәдениетін білуге арналған «Мәдениеттер жәрмеңкесі» өтті. Жәрмеңкенің негізгі идеясы – оқушыларға әртүрлі халықтар мәдениетінің құндылығын көрсету, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарға деген құрметті, қызығушылықты қалыптастыруға, мәдениетаралық құзыреттілікті дамытуға ықпал ету. Жәрмеңкені Индонезия, Жапония, Оңтүстік Африка, Пәкістан елшіліктері мен Конфуций институты және […]


New York University Abu Dhabi Нұрдана Смәділді оқуға шақырды New York University Abu Dhabi елордадағы физика-математика бағытындағы NIS оқушысы оқушысын бәсекеге қабілетті және жан-жақты үміткер ретінде таныды. Университет Нұрдана Смәділге барлық оқу шығындарын толығымен өтейтін қаржылық көмек ұсынды. Бағдарлама оқудың алғашқы кезеңдерінде нақты бағыт таңдауды міндеттемесе де, Нұрдана «медианы» терең зерттеп, Қазақстанда осы саланың дамуына […]


ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСУ  ДАМУҒА ЫНТАЛАНДЫРАДЫ

ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСУ  ДАМУҒА ЫНТАЛАНДЫРАДЫ 15 ақпанда Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары арасында  жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша өткен желілік олимпиада аяқталды. Ақпанның 13-і мен 15-і күндері мектеп оқушылары нақты ғылымдар бойынша үздік атағын сарапқа салды. 16-18 ақпан аралығында қоғамдық-гуманитарлық цикл пәндері бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталатын болады. Директордың ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Р.А. Қайыркенованың айтуынша, мектеп оқушыларының желілік […]


ЖЕЛІЛІК ПӘН ОЛИМПИАДАСЫ БАСТАЛДЫ

ЖЕЛІЛІК ПӘН ОЛИМПИАДАСЫ БАСТАЛДЫ 13 ақпанда Назарбаев Зияткерлік мектептерінде жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада салтанатты түрде ашылды. Республикалық олимпиаданың үшінші кезеңі 13-18 ақпан аралығында қашықтан ұйымдастырылады. Беделді білім сайысына Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 500-ден астам оқушысы қатысады. Олар жаратылыстану-математикалық бағыттағы және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша білім-білік дағдыларын саралайды. Олимпиаданың желілік кезеңінде елордалық физика-математика бағытындағы […]


IELTS  ЕМТИХАНЫН ҚАЛАЙ ЖАҚСЫ ТАПСЫРУҒА БОЛАДЫ

IELTS  ЕМТИХАНЫН ҚАЛАЙ ЖАҚСЫ ТАПСЫРУҒА БОЛАДЫ Жыл сайын қазан айының соңында Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектебінің түлектері ағылшын тілін меңгеру деңгейін анықтайтын ең танымал халықаралық емтихандардың бірін тапсырады. Биылғы оқу жылында мектептің орташа баллы 9 балдың 7,15-ін құрайды. 7,5 баллмен 47 адам сертификат алса, 27 түлек жоғары – 8 балл көрсеткішке қол жеткізді. 12-сынып […]


БАРЛЫҚ  МАМАНДЫҚ  КЕРЕК – БАРЛЫҚ  МАМАНДЫҚ  МАҢЫЗДЫ

БАРЛЫҚ  МАМАНДЫҚ  КЕРЕК – БАРЛЫҚ  МАМАНДЫҚ  МАҢЫЗДЫ Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектебінде кәсіптік бағдар беру оқу -тәрбие үдерісінің маңызды бағыты болып саналады. Оқушыларды саналы түрде мамандық таңдауға дайындау мақсатында мектепте жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Педагог кураторлар бастамасымен ата-аналармен кездесулер сериясы әзірленген, онда әрбір блок белгілі бір мамандықтар класына арналған. Бұл кездесулерге ата-аналар шақырылады, олар әңгімелесу, […]


ЖАС БИОЛОГТАР БИОТЕХНОЛОГИЯЛАР ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНДА

ЖАС БИОЛОГТАР БИОТЕХНОЛОГИЯЛАР ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНДА Биология пәніне қызығушылық танытатын, оны терең меңгеруге ұмтылып, түрлі білім сайыстарына қатысып жүрген елордалық физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектебінің бір топ оқушысы  жақында Ұлттық Биотехнология Орталығында болды. Орталыққа жасалған  саяхат Зияткерлік мектеп оқушыларына Қазақстандағы биология ғылымының даму деңгейін түсінуге көмектесті. Ұлттық биотехнология орталығына келген 8-11 сынып оқушыларын  ыстық ықыласпен қарсы алған […]