CIS САРАПШЫЛАР ТОБЫ МЕКТЕП ЖҰМЫСЫН БАҒАЛАУ МИССИЯСЫН АЯҚТАДЫ

2023 жылғы 23-28 сәуірде Халықаралық мектептер кеңесінің (CIS) өкілдері Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектебінің қызметіне кешенді бағалау жүргізді. Топтық бағалау аясында апта бойы олар білім сапасын, оның ішінде білім беру бағдарламаларының деңгейін, педагогикалық кадрлардың біліктілігін, оқу үдерісін ұйымдастыру мен мектепті басқару жұмыстарын  сараптады. CIS комиссиясының төрағасы Арвинд Кумар Чаласанидің айтуынша, бағалау барысында жасалған 200 […]


ҚОҒАМ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКА МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ ӨЗ КӨЗҚАРАСТАРЫН ҰСЫНДЫ

27 сәуірде Астанадағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектепте Жаһандық перспективалар, жобалық жұмыстар және экономика бойынша жыл сайынғы аймақтық конференция өтті. Жыл сайынғы аймақтық конференция оқушылардың шығармашылығын дамыту, оларды оқу-зерттеу және эксперименттік жұмыстарға тарту, оқушылардың жобалық қызметтегі үздік жетістіктерін көрсету, насихаттау мақсатында өткізілетін іс-шара. Конференцияны ұйымдастырушылар GPPR және экономика пәні оқытушылары: Ү.Адекенова, А.А.Акшалова, Г.Е.Абешова, А.М. Бахтиярова, Р.О.Джуматаева, […]


ХАЛЫҚТАР БІРЛІГІ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН БИ ШАШУ

26 сәуірде Астана қаласы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектебінде ұлттық би фестивалі өтті. Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған жарқын мерекеде мектептің жас өнерпаздары түрлі ұлттың билерін ұсынды. Ерекше шеберлікпен орындалған әрбір би  көрермендерді әртүрлі мәдениеттер мен дәстүрлердің атмосферасына бойлатты. Мерекеге дайындық барысында Шаңырақтар мен пән мұғалімдерінің әдістемелік бірлестіктері халық биін таңдап, бидің тарихын, дәстүрін зерттеді, оны […]


АККРЕДИТТЕУ – БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ ЖОЛЫ

2023 жылдың 23 сәуірінде Астана қаласы  физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне Аккредиттелген мектептер кеңесінің (CIS) мамандар тобы келді. Мектеп 2016 жылы Аккредиттелген мектептер кеңесіне (CIS) қосылды және қазір өз мәртебесін сақтау үшін кезекті қайта аккредиттеу процесінен өтпекші. Аккредиттеу рәсімі бес жыл сайын өткізілетін бірнеше кезеңдерді қамтиды. Бірінші кезең – 2021 жылдың қыркүйегінде CIS мамандары жүргізген […]


«TASTY BOOKS» – «ТӘТТІ КІТАПТАР» ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

Дүниежүзілік кітап күні қарсаңында, 20 сәуірде, Астана қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі кітапханасында «Tasty Books» – «Тәтті кітаптар» фестивалі өтті. Фестиваль мақсаты: «Назарбаев Зияткерлік оқушыларына оқуға ұсынылған 100 кітап» жобасын насихаттау, оқушыларды балалар әдебиетінің озық үлгілерімен таныстыру, ой-өрісі кең, көп оқитын оқушыларды ынталандыру.               Фестивальда үздік «кітап пісіруші» атағына 8-сынып оқушылары мен олардың ата-аналары сайысқа […]


ЗЕРТТЕУ ЖОБАЛАРЫНЫҢ АЙМАҚТЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

14 сәуірде елордадағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектебінде «Science Fair at NIS PhMD Astana» конференциясы өтті. «Science Fair at NIS PhMD Astana» —  НЗМ және қаланың орта мектептері оқушыларының 1-ші аймақтық ғылыми-зерттеу жұмыстарының байқауы болып табылады. Директордың ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Райгүл Қайыркенованың айтуынша, «Science Fair» оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын арттырып, еліміздің ғылым мен мәдениетін дамытатын […]


«ӨРКЕН» ГРАНТ ИЕГЕРЛЕРІ ТІЗІМДЕРІ

2023 жылы 11 сәуірде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Басқармасының отырысында 2023-2024 оқу жылына 7-сыныпта білім алу үшін конкурстық іріктеудің қорытындылары қарастырылды.  Шекті балл жинаған үміткерлер оқу тіліне қарамастан бірыңғай сараланып, әр Зияткерлік мектепке бөлінген граннтың санына қарай  «Өркен» гранты үміткерлерге тағайындалды және резервтік тізім бекітілді. Астана қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің […]


КОНКУРСТЫҚ ІРІКТЕУДІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының ресми сайтында  2023-2024 оқу жылында 7-сыныпта білім алу үшін үміткерлерге өткізілген кешенді тестілеудің нәтижелері келесі сілтемеде https://www.nis.edu.kz/kz/res/index.html жарияланды. ҚҰРМЕТТІ ҮМІТКЕРЛЕР ЖӘНЕ АТА-АНАЛАР! Бүгін біз Назарбаев Зияткерлік мектептерінде білім алуға арналған «Өркен» грантын тағайындау бойынша конкурстық іріктеу нәтижелерін жариялаймыз. Сіздерге мәлім, Зияткерлік мектептердегі конкурстық іріктеу жүйесі халықаралық стандарттарға сәйкес. […]


ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНДЕР БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҰТАЙМЫЗ

Жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша дәстүрлі ғылыми жұмыстар байқауында оқушылар 700-ден астам жоба ұсынды. Google Meet платформасында елдің 900-ден астам жас зерттеушілері бас қосты. Жүлдегерлер қатарына біздің мектептің де ізденімпаз оқушылары кірді.       Екінші орын «Тілтану» секциясы Аружан Аусат, 12-сынып, «The effect of bilingual education on academic performance of school students»    языкознание (английский язык), Жетекшісі […]


НАРГИЗДЫ КАНАДАЛЫҚ ҮЗДІК УНИВЕРСИТЕТ ОҚУҒА ШАҚЫРДЫ

Елордадағы физика-математика бағытындағы  Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Наргиз Ахметова Канаданың Simon Fraser университетінен оқуға шақырту алды. Өз білімін жетілдірудегі тынымсыз еңбегі мен оқудағы жетістіктері Наргизге университеттің ең жоғары стипендиясын  жеңіп алуға мүмкіндік берді. Ғылыми зерттеулер мен тұрақты дамуға маманданған Simon Fraser University Канададағы ең үздік 10 университеттің қатарында. Талапты жас Leadership Fellow бағдарламасы бойынша  (Сан-Франциско, […]