ЖАЗҒЫ ЗЕРТТЕУ МЕКТЕБІ-2023 ӨЗ ЖҰМЫСЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАЙДЫ

5-16 маусым аралығында Астана қаласының физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектебінде “Жазғы зерттеу мектебі” сәтті өтіп, онда 100-ден астам оқушы өз білімдерін кеңейтуге және өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын дамытуға мүмкіндік алды. Зерттеу мектебінің жұмысы барысында қатысушылар зерттеу кезеңдерімен, жұмыстарды ресімдеу ережелерімен танысып, жобаларды орындау және қорғау бойынша нақты ұсыныстар алды. Спикер және орыс тілі мен әдебиеті […]


СӘТ САПАР, ТҮЛЕК – 2023!

13 маусымда Астана қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 2023 жылғы түлектерге орта мектепті бітіргендері туралы аттестаттарды табыс ету салтанаты өтті. Осы жылы  Зияткерлік мектепті 149 түлек бітірді, олардың 6-ы – «Алтын белгі» иегері болса, 15 мектеп бітіруші ерекше үлгідегі аттестат алды.  Бүгін мектептің 13-ші түлектері үшін естен кетпес күн, өйткені оларға  келешекке көптеген жаңа […]


ЖАЗҒЫ МЕКТЕП АЯСЫНДА ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНДАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Оқу-жаттығу жиындары (ОЖЖ) – мектеп оқушыларын пәндік олимпиадаларға дайындауға бағытталған қарқынды сабақтар жүйесі. Жазғы мектеп аясында ұйымдастырылған оқу-жаттығу жиындарына түрлі бағыттар бойынша пәндік олимпиадаларда жоғары нәтижелерге қол жеткізуге ұмтылатын 108 оқушы белсенді қатысуда. Олимпиаданың мектеп кезеңінде жеңіске жету желілік кезеңге қатысу құқығын береді. Желілік деңгейдегі жетістік ұлттық деңгейде өзіңді көрсетуге жол ашады. Сондықтан пәндік олимпиадаларға […]


«JANSU», «ШАБЫТ – ӨРТ СӨНДІРУШІ РОБОТ» , «ИНКУБАТОР ДЛЯ СЕМЯН» – УЧАСТНИКИ SOLVE FOR TOMORROW «ТҰҚЫМДЫҚ ДАҚЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ИНКУБАТОР» – SOLVE FOR TOMORROW БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСАДЫ

«Solve for Tomorrow» – Samsung компаниясы ұйымдастырған орта және жоғары сынып оқушылары арасындағы республикалық әлеуметтік жобалар байқауы. Ол болашақ жас көшбасшылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, ғылым, технология, инженерия және математиканы (STEM) пайдалана отырып, маңызды мәселелердің шешімін табуға көмектесуге бағытталған. Қазылар алқасының мүшелері 412 өтінімді жан-жақты зерттегеннен кейін республиканың әртүрлі мектептерінен келген оқушылардың ең перспективалы және қызықты […]


ЖАЗҒЫ МЕКТЕП-2023 БАСТАЛДЫ

1 маусымда соңғы қоңырау соғылып, оқу жылының аяқталғанына қарамастан  Астанадағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектебінде жұмыс қызу жүріп жатыр. Бүгін, 5 маусымда, 7-11 сынып оқушылары үшін Жазғы мектеп басталды. Биылғы жылғы Жазғы мектеп білім мен жаңалық әлеміне енуге дайын 763 оқушыны қабылдады. Жазғы мектеп оқушыларға жазды пайдалы әрі қызығушылықпен өткізуге мүмкіндік беретін түрлі білім беру бағдарламаларын […]


МЕКТЕП КОНФЕРЕНЦИЯСЫ: ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАСТАУЫ

2023 жылдың 2 маусымында Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Оқушылардың әл-ауқаты: ашықтық, сенім және құрмет» атты мектеп конференциясы өтті. Іс-шара мектеп мұғалімдерінің ғылыми-зерттеу мәдениетін дамыту, олардың зерттеулерін талқылау алаңын қамтамасыз ету, сондай-ақ  тың идеялармен, әдістемелік әзірлемелермен алмасу және тәжірибемен бөлісу мақсатында ұйымдастырылды. Конференцияны мектеп директоры Әсел Бейсембинова ашып, білім берудегі өзекті мәселелерді зерделеудің […]


АҚ ЖОЛ САҒАН, ТҮЛЕК-2023!

2023 жылдың 1 маусым күні Астана қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 2022-2023 оқу жылының аяқталуына орай «Ақ жол саған, Жас Түлек!» атты салтанатты жиын өтті.   Биылғы Соңғы қоңырау мерекесі «Назарбаев Зияткерлік мектептері» желісінің 15 жылдық мерейтойына арналды. Салтанатты шарада оқушылар мен мектеп түлектерін оқу жылының аяқталуымен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының […]