8 НАУРЫЗ ҚҰРМЕТІНЕ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ

Көктемнің алғашқы мерекесі қарсаңында елордалық физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектебінің акт залында Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерт өтті. Қызықты концерттік бағдарламаны 9-сынып оқушылары ұйымдастырды.

Мерекеге жиналған ата-аналар мен мектеп қызметкерлерін  мектеп директоры Әсел Бейсенбинова  құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Жас музыканттар мен мәнерлеп оқу шеберлерінің өнері, вокалдық нөмірлер, сән көрсетілімі, мектеп оқушылары дайындаған би композициялары  барша көрермендерге мерекелік атмосфера, көтеріңкі көңіл толқындарын сыйлады.