Aga Khan Academies өкілдері Зияткерлік мектепте

Khan Academy (Хан Академиясы) ғаламтор арқылы тегін, сапалы білім берумен айналысатын, оқытуды жақсартуға ұмтылатын коммерциялық емес ұйым.
10 қазан 2017жылы Aga Khan Academies өкілдері – академиялық директор доктор Грэм Рейнджер және Академия директоры Салим Бхатия мырза Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектебіне келді. Халықаралық деңгейде танымал педагогтарды мектеп директоры Мейрам Әміржанұлы Жакенов пен директордың сыртқы байланыстар бойынша орынбасары Айдар Насибуллович Хорошаш қарсы алды. Құрметті қонақтар Қазақстандағы Зияткерлік мектептер желісіне, оның жұмыс ерекшеліктеріне асқан қызығушылық танытып, мектепке жасалған экскурсия барысында көптеген сұрақтар қойды. Зияткерлік мектеп жұмысындағы басым бағыттар туралы екі жақты диалог келешекте бірлескен жобаларға, ынтымақтастыққа ынталандыратындай жан-жақты мазмұнды болды.