Айбектің үлкен жеңісі

28 қазан-4 қараша аралығында гроссмейстер Дәрмен Садуакасовтың Кубогына өткізілген XIII Халықаралық шахмат турниріне 23 команда қатысқан болатын. Жарысқа қатысушы 23 команда қатарында Ресейден, Қырғызстаннан келген ойыншылар болды.

Назарбаев Зияткерлік мектептері командасының құрамында біздің мектептен Катенов Айбек, Жораев Алмас, Түркпенова Әнель жарысқа қатысты. Швеция жүйесі бойынша 9 тур ойнаған Зияткерлік мектептер командасы командалық есепте 4-орын иеленіп, алғашқы бестіктен көрінді. Ал жеке есепте мектебіміздің 10-сынып оқушысы Катенов Айбек 1 орын алды. Бұл Айбектің бірінші жеңісі емес, ол 2015 жылы Сингапурда өткен халықаралық турнирдің жеңімпазы болған. Күрделі шахмат партияларына асқан қызығушылық танытатын Айбек шахматтан спорт шеберлігіне кандидат.

Біз Айбекті кезекті жеңісімен құттықтай отырып, келешекте де жеңістер тұғырынан көріне беруіне тілектеспіз.