«АЙБЫН-2023» ӘСКЕРІ-ПАТРИОТТЫҚ ОЙЫНЫ ӨТТІ

5 мамырда елордалық физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектебінде дәстүрлі «Айбын» әскери-патриоттық ойыны өтті.

Спорттық және әскери дайындық элементтерін біріктіретін «Айбын» ойыны қатысушыларға өздерінің жеке қасиеттері мен дағдыларын көрсетумен қатар  команда құрамында ойнау мүмкіндігін береді.

Биылғы жылы 11 сыныптың 5 командасы «Ең күшті», «Автоматты құрастыру және бөлшектеу», «Жауынгерлік әнді үздік орындау» және «Алғашқы медициналық көмек» атты төрт номинация бойынша күш сынасты.

Дене шынықтыру, жолдастық өзара көмек пен бірін-бірі қолдау, ауызбіршілік атмосферасын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған ойынға ұл-қыздар үлкен ынтамен, ыждағаттылықпен қатысты. Тартысты ойын барысында қатысушылар сапта жүру, арқан тарту, топты басқару және алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын көрсетті.

Ойын қорытындысы бойынша 1 орынды 11 С сынып командасы, 2 орынды 11 В сынып командасы иеленсе, 3 орынды 11 А сынып командасы жеңіп алды.

Барлық жеңімпаздар мен қатысушыларды «Айбын» ойынының сәтті өтуімен құттықтаймыз! Бұл іс-шара барлық оқушылардың денсаулығын шыңдауға көмектесіп, патриоттық рух пен Отан алдындағы жауапкершілік сезімін қалыптастырды деген сенімдеміз.