АККРЕДИТТЕУ – БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ ЖОЛЫ

2023 жылдың 23 сәуірінде Астана қаласы  физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне Аккредиттелген мектептер кеңесінің (CIS) мамандар тобы келді.

Мектеп 2016 жылы Аккредиттелген мектептер кеңесіне (CIS) қосылды және қазір өз мәртебесін сақтау үшін кезекті қайта аккредиттеу процесінен өтпекші.

Аккредиттеу рәсімі бес жыл сайын өткізілетін бірнеше кезеңдерді қамтиды. Бірінші кезең – 2021 жылдың қыркүйегінде CIS мамандары жүргізген дайындық бағалауы.

Екінші кезең – топты бағалау (Team Evaluation) 2023 жылдың 24 сәуірінде басталды. CIS мамандарының тобы бір апта бойы оқыту сапасынан бастап, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дейінгі мектеп өмірінің барлық аспектілерін егжей-тегжейлі бағалайды.

Апта барысында әлемнің 7 елінен келген CIS  өкілдері сабаққа және сабақтан тыс іс-шараларға қатысады, мектептің өзін-өзі бағалауы халықаралық білім берудің озық стандарттары мен қағидаттарына қаншалықты сәйкес келетінін бағалау үшін оқушылармен, мұғалімдермен және ата-аналармен сұхбаттасады.

Сондай-ақ CIS командасы мектептің өзгеру қабілетін, педагогикалық ұжымның үздіксіз  дамуға, жетілуге және білім берудің ең жоғары сапасына қол жеткізуге дайындығын зерттейтін болады.