Алақандағы күншуақ

11 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11 «L» сыныбының оқушылары – «Отырар» Шаңырағы қалалық Әлеуметтік қамсыздандыру Орталығында болды.

Сапар алдында оқушылар ерекше балдырғандарды қалай қуантуға болатынын болжап, күннің бағдарламасын құрастырды. Балалардың шат күлкісіне толы кездесу өте көңілді өтті. Жоғары сынып оқушылары танымал мультфильдердегі «Көгілдір вагон», «Бремен музыканттары», «Ал қызыл желкендер»  сияқты әндерді шырқап, көңілді аралар биін орындады. Еріктілер ретінде келген жоғары сынып оқушылары өз әсерлерімен бөлісіп, мейрімділік пен жүрек жылуы арқылы «күндей» балдырғандардың алақанындағы күн шуағымен алмасқандарын айтты. 11 «L» сыныбының оқушысы Қайролла Мадинаның мәлімдеуінше, бұл соңғы кездесу емес, Зияткерлік мектеп оқушылары Әлеуметтік қамсыздандыру Орталығына жүйелі түрде келіп, мұндағы ерекше бүлдіршіндердің ортаға бейімделуіне көмектесуді жоспарлауда екен.