АЛЬТАИР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДАДА ЕЛ НАМЫСЫН ҚОРҒАЙДЫ

Қазақстан Республикасы Олимпиадалық құрамасының мүшелерін іріктеу қорытындысы бойынша  Нұр-Сұлтан  қаласы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектептің 11 сынып оқушысы Альтаир Ашуров халықаралық деңгейдегі олимпиадаға жолдама алды.

Альтаир – 2021 жылғы жалпы білім беретін пәндер бойынша  өткен Республикалық олимпиаданың жеңімпазы. Енді ол өз білімін 19-25 маусым аралығында Сингапурда информатика пәні бойынша халықаралық олимпиадада (IOI) сынға салады. Компьютерлік технологиялар саласындағы ең беделді зияткерлік жарыс деп танылатын бұл олимпиадаға Қазақстан құрамасы қашықтан қатысады.