АЛЬТАИР МЕН САНЖАР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Нұр-Сұлтан қаласы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектебінің оқушылары Альтаир Ашуров пен Санжар Бисенали Қазақстан Республикасының Білім Министрімен кездесуге мүмкіндік алды. 25 тамызда Бурабайда ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов халықаралық олимпиадалар жеңімпаздарымен кездесу өткізген болатын.

Жеңімпаз дарындар қатарында Альтаир мен Санжар болды.

Альтаир – 2021 жылғы жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың жеңімпазы, оқушылардың “Туймаада” Халықаралық олимпиадасында информатика пәні бойынша алтын медаль иегері.

Санжар – Халықаралық  Менделеев олимпиадасының қола жүлдегері. Оның қоржынында 2021 жылы химия пәнінен өткен халықаралық олимпиаданың күміс медалі де бар.  

Альтаир Ашуров: Асхат Қанатұлы сәттілік тілеп, бізге ерекше үміт артатынын атап өтті. Кездесу соңында Президентіміздің алғыс хаттары мен әрқайсымыздың аттарымыз қашап жазылған мүсіншелер табыс етті.

Сондай-ақ кездесуден естелік ретінде бізге макбук сыйлады.