АНАР 2023 ЖЫЛҒЫ IESO-ДА ЕЛ НАМЫСЫН ҚОРҒАЙДЫ

АНАР 2023 ЖЫЛҒЫ IESO-ДА ЕЛ НАМЫСЫН ҚОРҒАЙДЫ

Елордалық физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектептің 11- сынып оқушысы Анар Айтбай (жетекшісі – Гүлжан Әбенқызы Нұрғалиева) Жер туралы ғылымдар бойынша халықаралық олимпиадада (IESO) ел намысын қорғайды.
Анар 2023 жылғы IESO-ның республикалық кезеңінде геология, геофизика, метеорология, мұхиттану және астрономия пәндерінен жоғары нәтиже көрсетті.
IESO – әлемдегі ең беделді олимпиаданың бірі. 2007 жылдан бастап Корея, Испания, Бразилия, Жапония, Франция, Таиланд және басқа да елдерде өткізілген білім бәйгесі биыл Италияда қашықтан ұйымдастырылып, тамыз айында ең үздік жас геологты анықтайтын болады.