Нұр-Сұлтан қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 2018 жылғы түлегі Ануар Акчурин байдарка мен каноэда есуден Американың ашық чемпионатында бірінші орынды жеңіп алды. Жарыс Оклахома-Сити қаласында, Американың және әлемнің жетекші спортшыларының қатысуымен 21-24 тамыз аралығында өтті.
Ануар Акчурин – халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Жас спортшы каноэні меңгеруді №4 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде бастады, “Толқын”спорт кешенінде техникасын жетілдірді.
Спорттың бұл түрі Ануарға шыдамды және мықты болуға көмектесті, алға қойған мақсаттарына жетуге үйретті. Ол 1000, 500 және 200 метр қашықтықтарда Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін жүлдегері (2017-2019). 2016 жылғы Өзбекстанда, Самарқанд қаласында өткен Азия Кубогының чемпионы, 2018 жылы Словакияның Пиштань қаласында Халықаралық Регатта 200 метр қашықтықта бірінші орын алды. Болгарияда (София қаласы) 200 метр қашықтықта жастар арасында 2018 жылы өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері. 2018 жылы Ануар 500, 200 метр қашықтықта Азияның екі дүркін чемпионы атанды.
Қазір спортқұмар түлек АҚШ Florida Institute of Technology төртінші курсында оқумен қатар профессор ассистенті болып жұмыс істейді.
Ануармен сұхбатты https://vesti.kz/paddling_rowing/uehat-shtatyi-pobedit-trenera-vpervyie-istorii-kazahstanskiy-300084/ оқи аласыз.