АРДАГЕР ҰСТАЗДЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ

Мұғалімдер күні қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің құрметті демалыстағы  орыс тілі мен әдебиеті пәнінің сарапшы-мұғалімі Мәрия Бейсембековаға “Білімді ел ” газетіне бір жылдық жазылым сертификаты табыс етілді.

Зейнеткер ұстазға арналған ерекше сыйлықты мектеп директорының тәрбие жұмысы бойынша орынбасары Эльмира Қуатбекқызы Иманбекова табыс етті. «Мәрия Уалиқызы – Зияткерлік  мектеп ашылған күннен бастап жұмыс істеген, тұңғыш Зияткерлік мектептің қалыптасуына  үлкен үлес қосқан ұстаздардың бірі. Бүгін біз білім саласында қырық жылдан аса еңбек еткен ардагер ұстазға ыстық ықыласымызды білдіріп, кәсіби мерекесімен құттықтап келдік. Тәжірибелі маман Мәрия Уалиқызының  білгенімен бөлісіп, жас мамандарға көрсеткен өнегесі үшін  шексіз алғысымызды білдіреміз. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы басқарма төрайымының орынбасары Ольга Можаева «Ұлағатты ұстазға – ыстық ықыласпен» атты әлеуметтік жоба аясында Мәрия Бейсембековаға арнап «Бiлiмдi ел» газетіне жылдық жазылым ұйымдастырды. Мұндай сыйлық құрметті демалыстағы мүғалімге  еліміздің білім саласындағы тың ақпараттарды дер кезінде біліп, кәсіби жаңалықтарға толы басылымды апта сайын алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, ардагер ұстазға мектеп директоры  Мейрам Жәкеновтың құттықтау хаты да табыс етілді», – дейді  мектеп директорының орынбасары Эльмира Иманбекова. 

Кездесу барысында  Мәрия Уалиқызы Ольга Ивновнаға көрсеткен ілтипаты мен  күтпеген сыйлығы үшін  ризашылығын білдірді.  «Зияткерлік мектепте істеген 10 жыл мен үшін үлкен өмір мектебі, кәсіби даму, шыңдалу мектебі болды» – дейді ұлағатты ұстаз. Мәрия Уалиқызы өз әріптестерін төл мерекемен құттықтап, зейнеткерлік шақта мектепті сағына жиі есіне алатынын  айтты.  ⠀