Астана ботаникалық бағы «ҚЫЗҒАЛДАҚТАР ФЕСТИВАЛІ» екінші республикалық акциясын жариялады

Елорданың ботаникалық бағы «Қызғалдақтар фестивалі» екінші республикалық акциясының басталғаны туралы хабарлады.

Өткен жылы бірнеше Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары еліміздің символдарының бірі – бірегей гүлді сақтау мен қайта жаңғыртуға арналған экологиялық конкурстың жеңімпаздары атанды.

Фестиваль жұмыстары екі жас тобында «үздік сурет» және «үздік қолөнер» номинациялары бойынша, түрлі техникада қабылданады.

Олардың барлығы ұйымдастырушылардың меншігіне өтеді, кейін экспозициялық, баспа және қайырымдылық қызметінде пайдаланылады.

Фестивальді өткізу мерзімі – 2021 жылғы 20 сәуірден 15 мамырға дейін.

Қызғалдақтар фестивалі туралы толық ақпарат – Астана ботаникалық бағының сайтында

www.botsad-nursultan.kz.