ҚҰРМЕТТІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР, ЖОО БІТІРУШІ КУРСТАРЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІ, МАГИСТРАНТТАРЫ ЖӘНЕ ДОКТОРАНТТАРЫ!

Cіздерді дарынды және талантты балаларды оқытатын қазақстандық және шетелдік мұғалімдердің бірегей қоғамдастығында жұмыс істеуге шақырамыз! «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Көкшетау, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Нұр-Сұлтан, Павлодар, Петропавл, Семей, Талдықорған, Тараз, Түркістан, Өскемен, Орал, Шымкент қалаларының 22 Зияткерлік мектептерінде бос лауазымдарға орналасуға және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың кадрлық [...]

Приём документов в общежитие

Құрметті ата-аналар!  2022-2023 оқу жылына оқушыларды жатақханаға орналастыруға өтініштер мен тиісті құжаттарды қабылдау 01.08.2022 мен 18.08.2022 аралығында жүргізілетінін хабарлаймыз.  Құжаттар ОФФЛАЙН РЕЖИМІНДЕ қабылданады.  Құжаттар дүйсенбіден жұмаға дейін қатаң түрде жұмыс уақытында сағат 09.00-ден 16.00-ге дейін, түскі демалыс 13.00-14.00-ге дейін, сенбі күні сағат 09.00-ден 14.00-ге дейін қабылданады.            «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқармасының шешімімен бекітілген Назарбаев [...]

Журналистердің армандары NIS-те орындалады

Журналистердің армандары NIS-те орындалады. «Хабар» телеарнасының редакторы Дина Алланазарова, «Elorda Aqparat» медиахолдингі директорының орынбасары Қанат Әуесбай, республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің экономика бөлімі редакторы Қымбат Тоқтамұрат қыш станогына алғаш рет отырды. КТК телеарнасының елордадағы бюро тілшісі Гүлбағда Көбеева мен «Астана» телеарнасынан Жайна Алтынбек алғаш рет домбыра аспабын қолдарына алды. Ал «Qazaqstan» телеарнасындағы «Таңшолпан» таңғы бағдарламасының жүргізушісі [...]

СЕН ДЕ — БІР КІРПІШ, ДҮНИЕГЕ КЕТІГІН ТАП ТА, БАР ҚАЛАН!

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектепте 2022 жылғы түлектерге жалпы орта білім туралы аттестаттарды тапсыру салтанаты өтті. Биылғы оқу жылында мектеппен 12-ші жұлдызды түлектер қоштасуда. Мектеп директоры Мейрам Жәкеновтың айтуынша, 12-ші түлектер – мектеп тарихындағы  ең мықтылардың бірі. 2022 жылы 145 жас мектепті абыроймен бітірді, оқудағы үздік жетістіктері үшін мектептің 3 түлегі «Алтын белгі», [...]

NIS-ТЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «CASPIAN STARTUP-2022» БАЙҚАУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ШЫҒАРЫЛДЫ

Жақында «Caspian Startup-2022» халықаралық стартаптар байқауының қорытындысы шығарылды. Ақтау қаласында өткен дәстүрлі байқауға Қазақстан, Әзірбайжан, Өзбекстан, Түркменстаннан 120-дан астам жоба келіп түсті. Олардың барлығы табысты стартаптарды құру және ілгерілетуге, сондай-ақ стартап мәдениетін қалыптастыруға, инвесторлар тартуға, зияткерлік меншікті қорғауға бағытталған. Финалдық турға қатысушылар «Болашақтың мектебі», «Әлеуметтік мәселелерді шешу», «Туризм» номинациялары бойынша табысты өмір сүруді қамтамасыз ететін [...]

СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ МЕРЕКЕСІ ӨТТІ

25 мамырда елордалық физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектепте тағы бір оқу жылының аяқталғанын хабарлаған Соңғы қоңырау соғылды. Биылғы оқу жылында 145 түлек мектеппен қоштастасып, асқақ армандарымен үлкен өмірге қадам басады. Түлектер қатарында «Алтын белгі» төс белгісіне үміткерлер: Тулеутаева Джамиля, Кабзаки Назерке, Усипбекова Рауан  және  Ракишева Томирис, Рымбай Абылай, Сауранбаева Алтынай, Болат Юсуф, Тунгушпаева Инсаният, Тангирбергенова Акбота, [...]

Гиннесс кітабына арналған қазақстандық рекорд NIS-те орнады

Елордадағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектепте биылғы оқу жылы айтулы және көптен күткен оқиға – домбыра сабағымен аяқталды, оны Гиннесс рекордтар кітабына «Ең ауқымды домбыра сабағы» атауымен тіркеу жоспарланып отыр. Қазақ халқының басты музыкалық аспабында бір мезгілде 984 оқушы ойнады. Ең ауқымды домбыра сабағына қосымша білім беру педагогы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Айтжан Тоқтаған [...]

САНЖАР БИСЕНӘЛІ – МЕНДЕЛЕЕВ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕ ИЕГЕРІ

Елордадағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектеп ұжымы Санжар Бисенәліні химия пәнінен кезекті табысы – Менделеев олимпиадасындағы күміс жүлдесімен құттықтады. Санжар Менделеев олимпиадасына екінші рет қатысып отыр. Өткен жылы ол халықаралық олимпиаданың қола жүлдесін иеленген болатын. Дәстүр бойынша беделді Менделеев олимпиадасында жас химиктер арасында ең мықты, ұлттық турнирлердің жеңімпаздары бақ сынасты. Бұл ЮНЕСКО тарапынан химия пәні бойынша [...]