Қазақстан машина жасаушылар Одағы дарынды жастарға көз салады

16 қыркүйекте, жалпымектептік саптүзеуде өткен «Жетістіктер шеруін» елімізде робототехникадан өткен байқаудың жүлдегерлері, 12-сынып оқушылары Асқарұлы Тарлан мен Кенжебек Дарын бастады.

Байқау 12 қыркүйекте Қазақстан машина жасаушыларының VII форумы аясында Нұр-Сұлтан қаласында өткен болатын. Қазақстан машина жасаушыларының Одағы жастар үшін мұндай шараны бірінші рет өткізді. Байқауды ұйымдастыру комитеті Жастар жылында келешекте машина жасау саласында еңбек ете алатын дарынды да талапты жастарға осылайша көз салып отыр.

Зияткерлік мектептің командасы шақыру алған 10 команда қатарында байқауға қатысу мүмкіндігіне ие болды.

мен Ерқанат робототехникамен әуестеніп жүрген, бірнеше республикалық жарыстардың жеңімпазы атанған талапты жастар. Байқау барысында қатысушылар өз моделін құрастырып, арнайы программа көмегімен модельдің қозғалу алгоритмін жасап шығу керек болды.

Өз әсерімен бөліскен команда жетекшісі Нұрғалиева Сымбат: «Байқаудың шешуші тапсырмасын орындауға оқушылардың бірнеше сағат уақыты болды. Тарлан мен Ерқанат робототехника саласындағы білімі мен біліктілігін көрсетіп, аз уақыт аралығында сұрыптаушы конвейер құрастырып шықты. Жарыстың қорытындысы бойынша біздің команда 3- орын иеленіп, 300 мың теңгенің сертификатын жеңіп алды» – дейді.

Осы оқу жылында мектепті бітіретін Асқарұлы Тарлан мен Кенжебек Дарын өз болашағын жоғары технологиялармен байланыстырғысы келеді.