Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күніне арналған мерекелік концерт өтті

Астана қаласы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектебі Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күнін жыл сайын ерекше атап өтеді. Мектеп оқушылары Президент кітапханасына, Тұңғыш Президент мұражайына саяхат жасап, алған әсерлері туралы эссе жазады, плакаттар шығарып, Шаңырақ сағаттарын өткізеді. Атаулы күнге арналған “Букроссинг” акциясын, спорт сайыстарын өткізу де дәстүрге айналған.

23 қарашада мектептің акт залында «Ел тұтқасы – Елбасы» атты мерекелік концерт өтті. Шаңырақтар күшімен дайындалған концерт көпшіліктің көңілінен шықты. Әсіресе халық аспаптар оркестрі концерттің сәнін келтірсе,  «Жігер» домбырашылар ансамблі мен бишілер ансамблі мүшелерінің орындау шеберлігі көрермендерді тәнті етті.