БАРЛЫҚ МАМАНДЫҚ КЕРЕК – БАРЛЫҚ МАМАНДЫҚ МАҢЫЗДЫ
Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектебінде кәсіптік бағдар беру оқу -тәрбие үдерісінің маңызды бағыты болып саналады.
Оқушыларды саналы түрде мамандық таңдауға дайындау мақсатында мектепте жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Педагог кураторлар бастамасымен ата-аналармен кездесулер сериясы әзірленген, онда әрбір блок белгілі бір мамандықтар класына арналған. Бұл кездесулерге ата-аналар шақырылады, олар әңгімелесу, шеберлік сабақтары, квесттер және интеллектуалды ойындар арқылы оқушыларды өз мамандықтарымен, кәсібімен таныстырады.
2023 жылдың 8 ақпанында «Мамандықты қалай таңдау керек?» тақырыбында өткен кураторлық сағатқа 9 Е сыныбының оқушысы Орхан Рзаевтың әкесі Рзаев Махир Мұхтар оглы шақырылды.
Махир Мұхтар оглы басқаратын компания «IrKaz Metal Corporation» ЖШС катодты мыс өндіру зауытының бас мердігері.
Кездесу барысында Махир Мұхтар оглы өзінің өмірлік тәжірибесіне сүйене отырып, әртүрлі салаларда жұмыс істейтін инженерлік мамандықтарға сипаттама берді. Техникалық механизмдерді жасайтын немесе жетілдіретін маман-өнертапқыштардың жұмысының ерекшеліктеріне тоқталды.
Қазіргі уақытта еңбек нарығының трансформациясы, жұмыс орындарын цифрландыру және жаңа кәсіптердің пайда болуын ескере отырып, келешектегі қызмет бағытыныңды қазір таңдау керек. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқымай, жоғары білімсіз кәсіби мансап табысты бола алмайды, – деп атап өтті қонақ.