6 наурызда елордалық физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектебіне Пәкістан елшілігінен әскери атташе Мумтаз Али мен әскери атташе орынбасары Гуфран Ахмед келді.
Сапар барысында қонақтар Зияткерлік мектеп жұмысымен танысып, жоғары сынып оқушыларымен кездесті.
Пәкістандық дипломаттар жас зияткерлерге өз елдері туралы қысқаша әңгімелеп, ел тарихының негізгі кезеңдерін атап өтті.
Балалар үлкен қызығушылықпен халқының саны бойынша әлемде бесінші орындағы елдің даму перспективалары туралы презентациямен танысты.
Кездесу барысында қонақтар балаларға Пәкістан Ислам Республикасының тарихы мен мәдениеті бойынша шағын тест тапсырмаларын ұсынды.
Викторинаның қорытындысы бойынша білгірлер естелік сыйлықтар мен алғыс хаттармен марапатталды.
Ал кездесудің белсенді қатысушыларына түрлі тәттілер табыс етілді.
Кездесу соңында оқушылар мектептің құрметті қонақтарымен естелік суретке түсіп, қызықты да мазмұнды кездесу үшін алғыстарын айтты.