Құрметті үміткерлер мен ата-аналар!

        2021 жылғы 7 шілдеде Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарына оқушыларды конкурстық іріктеу бойынша 2021 жылғы 27-28 мамырда өткізілген кешенді тестілеудің нәтижелерін «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның www.nis.edu.kz ресми сайтының “Конкурстық іріктеу қорытындылары” бөлімінде жариялау жоспарланған. Ағымдағы жылдан бастап үміткерлердің жеке мәліметтерін қорғау мақсатында нәтижелерді көру екі форматта қолжетімді болады: Жеке нәтижелерді көру Үміткердің […]


ЖОЛЫҢ БОЛСЫН, ТҮЛЕК-2021!

Нұр-Сұлтан қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебін бітірген 197 оқушыға орта білім туралы аттестаттарды  табыс ету салтанаты осы жылы өзгеше ұйымдастырылды. Әсем безендірілген мектеп ауласында әр сынып үшін жеке өткен салтанатты рәсім оқушылар, ата-аналар және мұғалімдер үшін өте әсерлі және көңіл толқытарлық болды. 2020-2021 оқу жылында 11 түлек "Алтын белгі" төс белгісін иеленді, тағы 11 [...]

КОНКУРСТЫҚ ІРІКТЕУГЕ ШАҚЫРАМЫЗ

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ 21 филиалдарында және Түркістанда қаласында ашылатын Назарбаев Зияткерлік мектебінде педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың бос орындарына конкурс өткізуін жариялайды Конкурс 2 кезеңнен тұрады: 1 кезең - тестілеу және эссе; 2 кезең - сұхбат. Конкурстық іріктеудің 1 кезеңіне тіркелу үшін сілтеме бойынша өтіп, тестілеуден өтетін орынды таңдап, түйіндемені толтырыңыз.   Тіркеуге [...]

АЛДИЯР МЕН ЕРАСЫЛ «ЖАС ҒАЛЫМ-2021» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АТАНДЫ

Нұр-Сұлтан қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушылары Алдияр Пазилов және Ерасыл Тәуекел Кореяда өткен VII Халықаралық «Жас ғалым» ғылыми байқауында бірінші орынға ие болды. Жеңімпаздарға халықаралық ғылыми жарыстың алтын медалімен қатар, Woosong университетінің оқу гранты ұсынылды. Байқауға Алдияр мен Ерасыл орман өрттерін дәл анықтауға арналған, ғарыштық суреттерді талдауда жасанды интеллектті қолдану бойынша «Жаңа [...]

Астана ботаникалық бағы «ҚЫЗҒАЛДАҚТАР ФЕСТИВАЛІ» екінші республикалық акциясын жариялады

Елорданың ботаникалық бағы «Қызғалдақтар фестивалі» екінші республикалық акциясының басталғаны туралы хабарлады. Өткен жылы бірнеше Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары еліміздің символдарының бірі – бірегей гүлді сақтау мен қайта жаңғыртуға арналған экологиялық конкурстың жеңімпаздары атанды. Фестиваль жұмыстары екі жас тобында «үздік сурет» және «үздік қолөнер» номинациялары бойынша, түрлі техникада қабылданады. Олардың барлығы ұйымдастырушылардың меншігіне өтеді, кейін экспозициялық, [...]

ХАЛЫҚ БІРЛІГІ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ӨТКЕН ҚЫЗЫҚТЫ КЕЗДЕСУ

Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектепте «Радзіма» беларусь мәдени орталығының төрағасы Дмитрий Валерьевич Останьковичпен онлайн-кездесу өтті. «Биыл біз Тәуелсіздігіміздің  30 жылдығын атап өтеміз. Біздің Отанымыз  -  көпұлтты. Кейбір мәліметтер бойынша, Қазақстанда 130, ал бейресми мәліметтер бойынша 150-ге жуық  этнос өкілдері тұрады. Сонау 1992 жылы Қазақстан халқының 1-ші форумында Қазақстан Республикасының [...]

Құрметті ата-аналар мен үміткерлер!

Назарбаев Зияткерлік мектептерінде оқуға үміткерлерді конкурстық іріктеу 2021 жылғы 27-28 мамырда өтеді. Тестілеуді өткізу уақыты (Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша) Тестілеудің 1 және 2 күндері Қабілеттілікті бағалау тесті және Тілдік тест №      Іс-шара 1 ауысым (қазақ тілінде оқыту) 2 ауысым (қазақ және орыс тілінде оқыту) 1 Тіркеу 07.00 – 09.30 14.00 – 16.00 2 Бейненұсқаулық 09.40 – 10.00 [...]

БІЗДІҢ ТҮЛЕКТЕРІМІЗ – БІЗДІҢ МАҚТАНЫШЫМЫЗ АСҚАҚ АРМАН ЖОЛЫНДА

Елордалық  физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектептің 12-сынып оқушысы Нұрия Азаматова әлемдегі ең үздік екі университетке қабылданды.Солтүстік Америкадағы мықты оқу орны саналатын  Ванкувердегі University of British Columbia (Канада) университеті Нұрияға ертеңгі көшбасшыларға арналған “Karen McKellin International Leader of Tomorrow”  беделді шәкіртақы тағайындаса,  Сингапурдың   Yale-NUS колледжі  толық оқу грантын ұсынып отыр. Британдық Колумбия университеті әлемдегі ТОП 35 жоғары [...]

NIS түлегі робототехника бойынша «Beyond Robotics» тегін онлайн курсын іске қосты

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 2020 жылғы түлегі, Назарбаев Университетінің студенті Даниил Филимонов робототехника бойынша «Beyond Robotics» тегін онлайн курсын іске қосты. Курсқа робототехника бойынша үздік қазақстандық тренерлер мен американдық ЖОО профессорларының вебинарлары мен онлайн сабақтары енді.⠀ Оқыту «Beyond Curriculum» қоғамдық қорының онлайн-мектебі базасында өтуде.⠀ – Кішкентай кезімнен бастап мені құрастыру идеясы қызықтырды, сондықтан Назарбаев [...]

ГҮЛНАРА АПЕЕВА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҰСТАЗЫ АТАҒЫН АЛДЫ

Құрметті редакция! Педагогикалық  аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін елордалық  физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектептің математика пәнінің мұғалімі Гүлнар Кенжебайқызы Апеева «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағымен марапатталды  деп хабарлайды мектептің баспасөз қызметі. Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 12 ақпандағы Жарлығына сәйкес тағайындалған  мемлекеттік награданы бүгін Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов [...]