UVF -ПЕН ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАУҒА АСЫҒЫҢЫЗ

8 қазанда Нұр-Сұлтан қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкені Úmit еріктілер қоры (UVF) және мектептің студенттер кеңесінің еріктілері ұйымдастырды. Оқушылар жәрмеңке алаңындағы «кафелерде» қызу сұранысқа ие болған тіл үйірер тәттілерді сатты.  Мектептің вокалды-аспаптық ансамблінің орындауындағы әсем әуен жәрмеңкеге қатысушыларды мерекелік және шығармашылық көңіл-күйге бөледі.Жәрмеңке оқушыларды, ата -аналарды, мектеп қызметкерлерін ортақ іске [...]

TEDX
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҒАРЫШТЫҚ ЖОЛЫ

6 қазанда Нұр-Сұлтан қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Дүниежүзілік ғарыш апталығына сәйкес TEDx конференциясы өтті. Конференцияны Аружан Аусат жетекшілік ететін мектептің Student Council командасы ұйымдастырды. TEDx спикерлері - Ерасыл Тәуекел - NASA -да тағылымдамадан өткен  мектеп оқушысы, ғарышты насихаттаушы, Дамира Зулкарнаева - IT маманы, ЕҰУ -дің ғарыштық инженерия және технология мамандығы бойынша түлегі, NU [...]

NG-PHOTOBIO – ДҮНИЕЖҮЗІЛІК РОБОТТАР ОЛИМПИАДАСЫНА ЖОЛДАМА АЛҒАН ҮЗДІК ЖОБА

Назарбаев Зияткерлік мектептері World Robot Olympiad 2021 олимпиадасының әлемдік кезеңіне Қазақстан атынан қатысу құқығына ие болған  ұлттық чемпионат жеңімпаздарын жариялады, Нұр-Сұлтан қаласы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектептің командасы дүниежүзілік роботтар олимпиадасының  ұлттық кезеңінде жоғары шығармашылық санат жеңімпазы деп танылды. Амина Рахымбергенова, Алдияр Пазилов және Дәулет Мұханов (жаттықтырушысы Бақытгүл Қажыкенова) 2021 жылдың қарашасында онлайн режимінде өтетін WRO-2021 [...]

ЖАС РОБОТОТЕХНИКТЕРГЕ СӘТТІЛІК ТІЛЕЙМІЗ!

30 қыркүйекте Алдияр Пазилов (11D), Әмина Рахымбергенова (11 Е) және Дәулет Мұханов (12F) - Нұр-Сұлтан қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің командасы Дүниежүзілік роботтар олимпиадасының (WRO) іріктеу кезеңіне қатысты.  Биыл WRO-ның ұлттық кезеңі тарихта алғаш рет  онлайн форматта өтті. Zoom платформасында кездескен 39 команданың үштен бірі – Назарбаев Зияткерлік мектептері өкілдері болды. WRO-2021 байқауының басты [...]

ПРЕЗИДЕНТТІК ОЛИМПИАДАНЫҢ ІРІКТЕУ ТУРЫ ӨТТІ

30 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде жаратылыстану – математикалық цикл пәндері бойынша оқушылардың Президенттік олимпиадасының бірінші-өңірлік кезеңі өтті. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында жыл сайын өткізілетін олимпиаданың іріктеу кезеңіне 12 сыныптың 20 оқушысы қатысты. Қатысушылар төрт пән бойынша: математика, физика, химия және биологиядан өз білім деңгейін көрсетті. Іріктеу кезеңінің жеңімпаздары қараша [...]

ҚЫЗУ ҚОЛДАУ ТАПҚАН ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБА

Нұр-Сұлтан қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Жасмин Жантасованың «Туған елге тағзым» желілік байқауына ұсынған әлеуметтік жобасы елімізге танымал қордың қызу қолдауына ие болды. “Act of Kindness” жобасы аясында Жасмин қолданыстан шыққан киімдерді қайта тұтыну жолдарын насихаттауға бағытталған веб-сайт және арнайы контейнер үлгісін ұсынды. «Менің жобамның мақсаты: мұқтаж жандарға көмек көрсету мақсатында сауда-ойын-сауық [...]

«ТУҒАН ЕЛГЕ ТАҒЗЫМ» ЖЕЛІЛІК БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

27 қыркүйекте «Туған елге тағзым-2021» өлкетану-зерттеу экспедициясына қатысушылардың ғылыми жобалары мен шығармашылық жұмыстарының  желілік байқауы басталды. Биыл туған өлкенің тарихи-мәдени мұрасы туралы білімді тереңдетуге және кеңейтуге бағытталған патриоттық жоба Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналып отыр. Байқаудың шешуші кезеңіне Нұр-Сұлтан қаласы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектептің 33 оқушысы қатысып, 26 зерттеу жобасы мен шығармашылық жұмыс ұсынды. Қорғау [...]

МЕКТЕП РЕ-АККРЕДИТАЦИЯЛАУДАН ӨТЕДІ

2016 жылдың 27 қазанында Нұр-Сұлтан қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Халықаралық Мектептер кеңесінің  (CIS) мүшелігіне өтіп, аккредитациядан өткендігі туралы куәлік алған болатын. Мектептің халықаралық аккредитациядан өтуі жұмыс сапасының көрсеткіші болып табылады. Өз мәртебесін сақтау үшін мектеп әр бес жыл сайын қайта аккредитация рәсімінен өтуі керек. 2021 жылғы 20 қыркүйекте Халықаралық Мектептер Кеңесінің (CIS) өкілдері [...]

МАЛАЙЗИЯЛЫҚ ОҚУШЫЛАР ҚАТЫСҚАН ТӘУЕЛСІЗДІК САБАҒЫ ӨТТІ

16 қыркүйекте астаналық физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектепте «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының бастамасымен ұйымдастырылған «Тәуелсіздік сабағы» өтті. Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналып, ағылшын тілінде өткен сабақтың мақсаты – оқушыларды Ұлт көшбасшысының беделі мен саяси аренадағы қызметімен жан-жақты таныстыру, Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтарын насихаттау. Тәуелсіздік жылдарында еліміз қол  жеткізген жетістіктер дәріптелген сабаққа елордадағы жетекші мектептердің [...]

«ЖАСАМПАЗДЫҚ ПЕН ДАМУ ЖЫЛДАРЫ» ТАРИХ САБАҒЫ

15 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Жасампаздық пен даму жылдары» атты ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты - Ұлт Көшбасшысы - Нұрсұлтан Назарбаевтың Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы рөлі мен үлесін көрсету. Тәуелсіздік тарихын зерттеудің маңыздылығы туралы ашық сабаққа Нұр-Сұлтан қаласының жетекші мектептерінің мұғалімдері мен оқушылары шақырылды. Зияткерлік мектептің [...]