FORBES WOMAN KAZAKHSTAN Зияткерлік мектеп түлегімен таныстырды

Нұр-Сұлтан қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 2013 жылғы түлегі, «Алтын белгі» төсбелгісінің иегері Адия Махамбетова Бостондағы  Fidelity Investments компаниясының бас кеңсесінде квонт позициясында жұмыс істейді.   Активтерді басқару бойынша әлемдегі ең ірі компаниялардың бірінде  инвестициялық математик ретінде қызмет атқаратын  Адия жаңа жыл қарсаңында  Forbes Woman Kazakhstan басылымына сұхбат беріп,  квонттар дегеніміз кімдер, олар қаржы [...]

ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ

  Назарбаев Зияткерлік мектептері Ыбырай Алтынсариннің мерейтойына арналған жобаны бастауда.⠀ «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына арналған  «Жаңа жағдайдағы білім беру» жобасын жүзеге асыру қолға алынды.⠀ Мерейтойлық бағдарламаның басты жаңалығы белгілі ұстаздар тәжірибелерімен бөлісетін Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық шеберлік онлайн алаңының ашылуы болып отыр. Алғашқы боп Білім және ғылым министрлігі [...]

ТЕМІРЛАН – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРІ

Нұр-Сұлтан қаласы физика- математика бағытындағы  Назарбаев Зияткерлік мектебінің  12-сынып оқушысы Темірлан Исмагулов Қазақстан құрама командасының құрамында физикадан өткен халықаралық IPhO 2020 олимпиадасында үшінші  жүлделі орынды  жеңіп алды. IPhO 2020 халықаралық олимпиадасы  пандемияға байланысты 7 – 15 желтоқсан аралығында  қашықтан ұйымдастырылды. IPhO 2020 білім бәйгесіне әлемнің 40 елінен күрделі көп сатылы іріктеу кезеңдерінен өткен 200 жеңімпаз [...]

ШЫРЫНДЫ ПЕНСИЛЬВАНИЯ УНИВЕРСИТЕТІ ШАҚЫРАДЫ

Тәуелсіздік күні қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласы физика- математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Шырын Оспанова  әлемдегі ең үздік университеттердің бірінен – University   of Pennsylvania шақыру алды. Дарынды түлекке толық оқу грантын ұсынған  Пенсильвания Университеті – АҚШ- тың атақты шырмауық Лигасына кіретін, жоғары рейтингілі оқу орны. «Қызығушылығымды анықтауда өзіме ешқашан шектеу қойған емеспін. Әркез өзімді жаңа [...]

NIS көшбасшылары проактивті VS реактивті ойлауды таңдайды

Назарбаев Зияткерлік мектептерінде өзін-өзі басқару ұйымдарының «NIS оқушыларының проактивті ойлауы VS реактивті ойлауы» тақырыбындағы сегізінші көшбасшылар форумы өз мәресіне жетті. Форумға Нұр-Сұлтан қаласындағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектеп атынан мектеп Президенті Аружан Аусат қатысты. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы басқарма төрайымының орынбасары Ольга Можаева форум қатысушыларының мақсатқа ұмтылушылықтары мен проактивтіліктері, жігерлендіруші және шабыттандырушы қабілеттері [...]

«ӨРКЕН» БІЛІМ БЕРУ ГРАНТЫН ТАҒАЙЫНДАУ БОЙЫНША ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2021-2022 оқу жылында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарында оқуға үміткер оқушыларға Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау конкурсын жариялайды.  Құжат қабылдау 2020 жылғы 2 желтоқсанында басталып, 2021 жылғы 23 қаңтарға дейін жүргізіледі. (қабылдау комиссиясының жұмыс тәртібі: дүйсенбі-сенбі күндері 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс уақыты [...]

ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ – ЖАС ЗИЯТКЕРЛЕР ҮШІН ЕРЕКШЕ МЕРЕКЕ

Нұр-Сұлтан қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін атап өтуге қызу кірісті. Мерекелік іс-шаралар кешені Нұрсұлтан Әбішұлының өмірбаяны мен еңбек жолына кең көлемді шолу жасайтын «Ел тірегі-Елбасы» атты кураторлық сағаттардан басталды. Айтулы күнге орай Елбасы атындағы мектеп оқушылары ҚР Тұңғыш Президентінің мұражайында өтетін сабаққа қатысады. Мұражайда оқушылар жаңа тәуелсіз мемлекеттің іргетасын [...]

«НЕ? ҚАШАН? ҚАЙДА?» ЗИЯТКЕРЛІК ОЙЫНЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

25 қарашада Нұр-Сұлтан қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің құрама командасы қалалық «Не? Қашан? Қайда?» зияткерлік ойынында 2 орынға ие болды. Ойынды «Ерекше мерекелер» қоғамдық қоры мен «QORGAU» халықаралық медиация және келіссөздер академиясы» қоғамдық қоры ұйымдастырған болатын. Елорда мектептерінің арасында қазақ тілінде өткен сайыста жас зияткерлер өздерінің құқық саласындағы білімдерін таразылап, командада жұмыс жасау, бір-бірін [...]

Құрметті үміткерлер мен ата-аналар!

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2021-2022 оқу жылында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарында оқуға үміткер оқушыларға Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау конкурсын жариялайды.            Құжат қабылдау 2020 жылғы 2 желтоқсаннан 2021 жылғы 23 қаңтарға дейін жүргізіледі. (қабылдау комиссиясының жұмыс тәртібі: дүйсенбі-сенбі күндері 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс [...]

ЗИЯТКЕРЛІК ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛАДЫ

Нұр-Сұлтан қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 2020 жылдың 21 қарашасында  жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың бірінші,  мектепішілік кезеңі басталады. Бүгінгі күні қатысушылар тізімі бекітіліп, олимпиаданы ұйымдастырушылар мен үйлестірушілер дайындық жұмысына қызу кіріскен. Биыл онлайн режимде өтетін олимпиаданың мектепішілік кезеңіне 8-11сыныптарда оқитын 450 аса оқушы қатыспақшы. Мектеп директорының ғылыми-әдістемелік жұмыс бойынша орынбасары Рамазан [...]