Ескі достар кездесуі. Бізде қонақта – Ганновер (Германия) халықаралық мектебінің оқушылары

Нұр-Сұлтан қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі бірнеше шетелдік оқу орындарымен: Малайзияның дарынды жастарға арналған «PERMATApintar» Ұлттық орталығы, Ганновер (Германия) Халықаралық мектебі, Бирчвуд орта мектебімен  (Ұлыбритания) достық қарым-қатынас орнатып, ынтымақтастық меморандумын бекіткен. Меморандум аясында  оқушылармен  өзара алмасу, оқу бағдарламаларын ұйымдастыру бойынша тәжірибемен бөлісу серіктестіктің негізгі бағыттары болып табылады. 2017 жылы Зияткерлік мектеп Ганновер Халықаралық мектебінен [...]

Көңілге қуаныш сыйлаған күн

Нұр-Сұлтан қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 24 қыркүйек 2019 жылы қалалық «Әлеуметтік қызмет көрсету» орталығынан келген кішкентай қонақтарды қабылдады. Мектеп директоры Мейрам Әміржанұлы бастаған ұжым ерекше балаларға айырықша қамқорлық танытып, олардың мектепте көңілді де пайдалы уақыт өткізуіне барлық жағдайды жасауға тырысты. Бүлдіршіндер Зияткерлік мектептің шығармашылық шеберханаларында өздеріне арналған ақ футболкаларға сурет салды, саз балшықпен [...]

Жүйріктердің күзгі жарысы өтті

Зияткерлік мектептің желаяқ жүйріктерін анықтау, оқушылар арасында жеңіл  атлетика спорт түрлерін дәріптеу мақсатында 2019 жыл 19 қыркүйекте 7-12-сынып оқушылары қатысқан Күзгі кросс өтті. Күзгі жарысты ұйымдастыруға дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының спорт министрлігі көмектесті. Жарыс ережесіне сай 7-12-сынып қыздары 500 метр, 7-9-сынып ұлдары 500 метр, 10-12-сынып ұлдары 1000 метр қашықтықты жүгіріп өтті.  [...]

Қазақстан машина жасаушылар Одағы дарынды жастарға көз салады

16 қыркүйекте, жалпымектептік саптүзеуде өткен «Жетістіктер шеруін» елімізде робототехникадан өткен байқаудың жүлдегерлері, 12-сынып оқушылары Асқарұлы Тарлан мен Кенжебек Дарын бастады. Байқау 12 қыркүйекте Қазақстан машина жасаушыларының VII форумы аясында Нұр-Сұлтан қаласында өткен болатын. Қазақстан машина жасаушыларының Одағы жастар үшін мұндай шараны бірінші рет өткізді. Байқауды ұйымдастыру комитеті Жастар жылында келешекте машина жасау саласында еңбек ете [...]

Спорт сүйген отбасы

13 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектептің спорт залында Ұлттық Отбасы күніне арналған «Спорт сүйер отбасы» атты көңілді спорттық жарыс өтті. Ата-аналардың қатысуымен өткізілген көңілді эстафеталар Зияткерлік мектептің спорттық өміріндегі игі дәстүрлердің бірі. Дәстүрлі мерекенің басты мақсаты балаларды спортпен шұғылдануға шақыру, ата-аналарды балаларымен бірге белсенді демалыс өткізуге тарту болып табылады. Спорт мерекесіне 7-сынып оқушылары [...]

«Досыңды құтқар» – қараусыз жануарларға арналған паналау ортығы”

Халықаралық Қайырымдылық күні қарсаңында ұйымдастырылған Мейрімділік акциясы аясында 8 А және 10 f сыныптарының «Оқжетпес» Шаңырағы куратор З.Р. Эшчанованың жетекшілігімен 12 қыркүйек күні Ильинка кентінде орналасқан үйсіз жануарларға арналған паналау орталығында болып қайтты. Паналау орталығында 200-ден аса қараусыз қалған иттер мен мысықтар бар, ал оларға қамқор еріктілер бірінші кезекте жаралы, әлсіз, қатыгездіктің құрбаны болған жануарларға [...]

Алақандағы күншуақ

11 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11 «L» сыныбының оқушылары - «Отырар» Шаңырағы қалалық Әлеуметтік қамсыздандыру Орталығында болды. Сапар алдында оқушылар ерекше балдырғандарды қалай қуантуға болатынын болжап, күннің бағдарламасын құрастырды. Балалардың шат күлкісіне толы кездесу өте көңілді өтті. Жоғары сынып оқушылары танымал мультфильдердегі «Көгілдір вагон», «Бремен музыканттары», «Ал қызыл желкендер»  сияқты әндерді [...]

Өз қабілетін шыңдағысы келетін талапты балаларды үйірмелер мен секциялар күтеді

4 қыркүйек күні  мектеп ауласында 2019-2020 оқу жылында жұмыс істейтін үйірмелер мен клубтар, секциялар мен студиялардың  таныстырылым-жәрмеңкесі өтті.  Үйірмелерді насихаттайтын жарнама - жәрмеңкеде қосымша білім беру бағдарламаларының аясында ұйымдастырылатын үйірмелер мен клубтар жұмысы жайлы жан-жақты ақпарат беріліп, оқушылардың  өз таңдауын жасауына мүмкіндік берді.  Қосымша білім беру педагогтары  жарнамалық науқанға қызу кіріскен: үйірме жетекшілері  шағын көрмелер [...]

Алғашқы қоңырау мерекесімен жаңа оқу жылы басталды

Мінекей, алтын күзбен бірге жас зияткерлер үшін аса маңызды Білім күні де келіп жетті. Биылғы оқу жылы егемендігіміздің 30 жылдығымен, кемеңгер Абайдың 175 жылдық мерейтойымен, Жастар жылы мен Кітап жылымен тұспа-тұс келіп тұр. Алғашқы қоңырау мерекесінде дәстүр бойынша Зияткерлік мектеп ұжымы қабылдау сынақтарынан сүрінбей өтіп, білім грантын иеленген  7-сыныптың 216 оқушысын салтанатпен қарсы алды. Жыл [...]

Зияткерлік мектеп түлегі ғылым докторы атанды

Нұр-Сұлтан қаласы  физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебін 2010 жылы бітірген бірінші түлектердің бірі Төлеген Бекет 25 тамызда ғылыми диссертациясын үздік қорғап, ғылым докторы атанды. Бекет Төлегенов  АҚШ-тың НАСА аэроғарыштық сала мамандарын даярлайтын Embry-Riddle Aeronautical University білім алған алғашқы қазақстандық студент болды. Аэроғарыштық инженерия мамандағы бойынша  өте жақсы оқып, Қазақстанды танытқан Бекет университет оқытушыларының ерекше құрметіне [...]