Оралда педагогикалық колледждердің жаңа стратегиясы бойынша республикадағы алғашқы жоба басталды

Оралда педагогикалық колледждердің жаңа стратегиясы бойынша республикадағы алғашқы жоба басталды   Бүгін Орал қаласында педагогикалық колледждердің жаңа стратегиясын енгізу бойынша республикадағы алғашқы жобаны жүзеге асыру басталды. Эксперименталды жобаның ашылуына Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Исқалиев, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова, Орал жоғары педагогикалық колледжінің директоры Светлана Бахишева, «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорының [...]

Көшбасшылардың жазғы мектебі

2019 жылдың 17-28 маусым аралығында  Нұр-Сұлтан қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Лидерство в области гениальности: создавая мир, в котором хочется жить» тақырыбында жас көшбасшылардың жазғы мектебі өтуде. Жазғы мектеп  Зияткерлік мектептер мен Стэнфорд  Университеті арасындағы ынтымақтастық  бағдарламасы аясында  ұйымдастырылған. Курсты Стэнфорд халықаралық жазғы  институтында  сабақ беретін жаттықтырушы, eBay, Accenture, Square, Facebook сынды компаниялар мен [...]

Жас өлкетанушылардың қызықты кездесулері мен әсерлі саяхаттары

Сонау 2012 жылдың маусымында Назарбаев Зияткерлік мектептерінде  «Туған елге тағзым» зерттеу-өлкетану экспедициясы басталған болатын. Осы жеті жылда Нұр-Сұлтан қаласы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектептің жас өлкетанушылары Ақмола облысына, Шығыс - Қазақстан, Алматы, Павлодар, Қызылорда, Жамбыл, Маңғыстау облыстарына саяхат жасап, Алматы, Қостанай, Атырау, Ақтау, Шымкент, Тараз қалаларында болды. 2019 жылдың 16 маусымында  12 оқушыдан тұратын Зияткерлік мектептің [...]

Сәт сапар, түлек – 2019!

15 маусымда Нұр-Сұлтан қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 2019 жылғы түлектерге орта мектепті бітіргендері туралы аттестаттарды табыс ету салтанаты өтті. Осы жылы  Зияткерлік мектепті 200 түлек бітірді, олардың 16-ы – «Алтын белгі» иегері болса, 15 мектеп бітіруші ерекше үлгідегі аттестат алды. Сәні мен салтанаты жарасқан дәстүрлі «Хрусталь қоңырау» рәсімінде барлық пәндерді "өте жақсы" деген [...]

Альнұр климаттың өзгеруін талқылаған әлемдік саммитке қатысты.

Нұр-Сұлтан қаласы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектептің 11-сынып  оқушысы, «Ғарыш. Ғылым. Интеллект» ІХ Наурыз кездесулерінің жеңімпазы Альнур Акчурин климаттың өзгеруі бойынша оқушылардың әлемдік саммитіне қатысты.     World Summit of Students for Climate әлемдік саммиті ENO Schoolnet компаниясы, Йоэнсу және Хельсинки қалаларының әкімшіліктерінің, Финляндияның Қоршаған орта министрлігінің, Орман шаруашылығы және агромәдениет министрлігінің, Білім және сыртқы істер министрлігінің [...]

Римма – бірінші

9- сынып оқушысы Бурабаева Римма 1 маусымда өткен бірінші республикалық «Біз іздеген таланттар» байқауында өнер көрсетіп, байқаудың жүлдегері атанды. Римма  «Қылықты қыз» биімен көрермендер мен қазылар алқасын өзіне тәнті етіп, байқауда 1-орынды жеңіп алды. Орындашылық шеберлігі үшін Бурабаева Римма  республикалық байқаудың арнайы дипломы мен медалімен марапатталды.

Каникулярлық мектеп жұмысы аяқталды

31 мамырда Нұр-Сұлтан қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 5-сынып оқушыларына арналған жазғы Каникулярлық мектеп  өз жұмысын аяқтады. 27-31 мамыр аралығында Нұр-Сұлтан қаласы және қала төңірегіндегі жалпы білім беретін мектептерде оқитын 115 бесінші сынып оқушылары Зияткерлік мектеп жанындағы жазғы Каникулярлық мектепте білімдерін шыңдады. Каникулярлық мектеп Зияткерлік мектепке түсуге дайындықты дұрыс бастауға бағытталған, оқушылардың өздігінше дайындалуына [...]

Жазғы мектеп жұмысын бастады

Жаз айлары мектеп оқушыларының демалыс кезеңі ғана емес, оқу жылында жіберілген олқылықтардың орнын толтырып, жаңа оқу жылына дайындалатын қызу кезең болып табылады. Нұр-Сұлтан қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев  Зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушылары үшін мамырдың соңғы күндері мемлекеттік емтихандар тапсыратын қарбалас шақ болса, 7-9 сыныпта оқитын 304 оқушы үшін бесінші оқу тоқсаны - Жазғы Мектеп басталды. Зияткерлік [...]

Астана қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде өтетін «Жастар – жарқын болашақ бастауы» атты соңғы қоңырау мерекесі туралы баспасөз мәлімдемесі

Астана қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде өтетін «Жастар – жарқын болашақ бастауы» атты соңғы қоңырау мерекесі туралы баспасөз мәлімдемесі 25 мамыр 2019 жыл                                                                […]