«Тәтті кітаптар» фестивалі өтті

2019 жыл 13 ақпанда Астана қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі кітапханасында «Тәтті кітап» - «Tasty Books» фестивалі өтті. Фестивальдің мақсаты: «Зияткерлік мектеп оқушыларына оқуға ұсынылатын 100 кітап» тізіміне енген кітаптарды насихаттау, көркем әдебиетті көп оқуға шақыру. Мектеп кітапханасы ұйымдастырған осынау ерекше фестивальге 7-сынып оқушылары мен олардың ата-аналары қатысты. Фестивальге дайындық барысында балалар «100 кітап» [...]

Иван Крепак – Қазақстанның жаңа есімі

Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Иван Крепак «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы жеңімпаздарының қатарына енді. Жобаның 2000 қатысушысының арасынан іріктелініп алынған үздік 29–ымен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елордадағы Қазмедиаорталықта кездесті. Олардың арасында НЗМ оқушысы, робототехник, мобильді қосымшалардың авторы, робототехника мен компьютерлік технологиялар бойынша өткен олимпиадалардың жеңімпазы – Иван Крепак бар. Шараның ресми бөлімінен соң [...]

Тағы да жаңа жылыңызбен!

12 ақпанда Астана қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің кітапханасында ай күнтізбесіне сай жаңа жылды қарсы алуға арналған Көктем мерекесі өтті. Ағымдағы оқу жылында мектепте қытай тілі ағылшын тілімен қатар екінші міндетті шеттілі ретінде оқытыла бастады. Жас зияткерлер элективті курстар арқылы қытай тілінің қыр-сырын асқан қызығушылықпен үйреніп, шығыс мәдениетімен танысады. Көктем мерекесіне әлемнің әрбір бесінші [...]

«Qazaqstan» телеарнасына саяхат

Астана қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің жатақханасында тұратын бір топ оқушы жақында «Qazaqstan» телеарнасымен жақын танысуға мүмкіндік алды.  «Qazaqstan» -  еліміздегі  ең танымал телеарна, 100 пайыз қазақ тілінде хабар таратуға көшкен, ана тілімізді дәріптеп, насихаттап жүрген ең ірі медиа құрылым. Телеарна авторлық бағдарламалар мен жаңалықтар дайындайды, деректі және көркем фильмдер, концерттік бағдарламалар көрсетеді, еліміздегі [...]

Жас дарындар жеңісі

2019 жылы 26 желтоқсанда өткен «Дарындар әлемі» атты III Халықаралық өнер байқауында Астана қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің  12-сынып оқушысы Бижанова Аяжан  Бас жүлдені жеңіп алды. Жетекшісі Бейбітгүл Тасатхан екеуі дайындаған шетелде оқитын мектеп түлегінің туған жерге деген сағынышы мен жан тебіренісіне толы монологын нақышына келтіре орындап, көркем сөз құдіретін тыңдармандарына жеткізе білген Айжанға [...]

Атақты суретшінің сабағы өтті

Астана қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің жатақханасында тұратын оқушылар үшін түрлі іс-шаралар жүйелі өтетіндіктен бір кеш бір кешке ұқсамайды. Балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға жатақхана тәрбиешілерімен қатар ата-аналар да белсене қатысады. Ата-аналар  «Ақ бұлақ» клубына бірігіп, балалар үшін керек іс-шараларды  жоспарлап та қойған. Жоспарда саяхаттар мен кездесулер өткізу, түрлі танымдық жорықтарға шығу көзделген.   «Ақ [...]

Зияткерлер «Пушкинмен оңашада» кездесті

22 қаңтарда мектеп сахнасында М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының әртісі Сергей Матвеев өзінің авторлық жобасы - «Пушкинмен оңашада» атты моноспектаклін қойды. Астана қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары мен мұғалімдері алдында ұлы орыс ақыны А.С.Пушкин шығармаларын бір сағат бойы жатқа оқыған ҚР Халық әртісі, Мәдениет қайраткері көрермендерін бірден өзіне баурап алды. [...]

Амир Кореяда өтетін олимпиадаға қатысады

Жер туралы ғылымдар бойынша өтетін  халықаралық олимпиада (IESO – International Earth Science Olympiad) орта мектеп оқушылары арасында геология, метеорология, геофизика, океанография және астрономия бойынша жыл сайын өтетін білім байқауы. Астана қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары бірнеше рет IESO халықаралық олимпиаданың жеңімпаздары қатарынан көрінген болатын. Мысалы, 2017 жылы Францияда өткен олимпиадада 10-сынып оқушысы Калымова [...]

Қазақстанды ашқан американдық студенттер

Үстіміздегі жылдың қаңтар айының 14 -25 аралығында американдық әлемге танымал білім ошағы - Массачусет Технологиялық университетінің екінші курсында оқитын екі студент Астана қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде тағылымдамадан өтуде. Американдық  студенттер -  Эндрю Сорэнсон  мен Эшли Уонг  Астанаға MISTI Kazakhstan «Global Teaching Labs» жобасы аясында келіп отыр. «Global Teaching Labs» жобасының негізгі мақсаты шетелдік [...]

Жалпыресейлік конкурста табыс тілейміз!

2018-2019 оқу жылында мектебіміздің бір топ оқушысы В.И. Вернадский атындағы жасөспірімдердің зерттеу жұмыстарының жалпыресейлік конкурсына қатысқан болатын. Конкурсқа 501 жұмыс ұсынылса, тек 105 жұмыс екінші турға өткізілді. Ол жұмыстардың қатарында Астана қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары да бар. 10-сынып оқушысы Бектұрсын Хазретали конкурсқа «Австралиялық  қышбақаны (Сherax quadricarinatus) жасанды ортада өсіру» тақырыбындағы жұмысын «Омыртқасыздар [...]