«ӨРКЕН» ГРАНТ ИЕГЕРЛЕРІ ТІЗІМДЕРІ

2023 жылы 11 сәуірде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Басқармасының отырысында 2023-2024 оқу жылына 7-сыныпта білім алу үшін конкурстық іріктеудің қорытындылары қарастырылды.  Шекті балл жинаған үміткерлер оқу тіліне қарамастан бірыңғай сараланып, әр Зияткерлік мектепке бөлінген граннтың санына қарай  «Өркен» гранты үміткерлерге тағайындалды және резервтік тізім бекітілді. Астана қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің […]


КОНКУРСТЫҚ ІРІКТЕУДІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының ресми сайтында  2023-2024 оқу жылында 7-сыныпта білім алу үшін үміткерлерге өткізілген кешенді тестілеудің нәтижелері келесі сілтемеде https://www.nis.edu.kz/kz/res/index.html жарияланды. ҚҰРМЕТТІ ҮМІТКЕРЛЕР ЖӘНЕ АТА-АНАЛАР! Бүгін біз Назарбаев Зияткерлік мектептерінде білім алуға арналған «Өркен» грантын тағайындау бойынша конкурстық іріктеу нәтижелерін жариялаймыз. Сіздерге мәлім, Зияткерлік мектептердегі конкурстық іріктеу жүйесі халықаралық стандарттарға сәйкес. […]


ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНДЕР БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҰТАЙМЫЗ

Жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша дәстүрлі ғылыми жұмыстар байқауында оқушылар 700-ден астам жоба ұсынды. Google Meet платформасында елдің 900-ден астам жас зерттеушілері бас қосты. Жүлдегерлер қатарына біздің мектептің де ізденімпаз оқушылары кірді.       Екінші орын «Тілтану» секциясы Аружан Аусат, 12-сынып, «The effect of bilingual education on academic performance of school students»    языкознание (английский язык), Жетекшісі […]


НАРГИЗДЫ КАНАДАЛЫҚ ҮЗДІК УНИВЕРСИТЕТ ОҚУҒА ШАҚЫРДЫ

Елордадағы физика-математика бағытындағы  Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Наргиз Ахметова Канаданың Simon Fraser университетінен оқуға шақырту алды. Өз білімін жетілдірудегі тынымсыз еңбегі мен оқудағы жетістіктері Наргизге университеттің ең жоғары стипендиясын  жеңіп алуға мүмкіндік берді. Ғылыми зерттеулер мен тұрақты дамуға маманданған Simon Fraser University Канададағы ең үздік 10 университеттің қатарында. Талапты жас Leadership Fellow бағдарламасы бойынша  (Сан-Франциско, […]


МЕКТЕПТЕГІ НАУРЫЗ-ДУМАН

6 сәуірде Астана қаласы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектебінде «Қош келдің, әз Наурыз!» атты мереке – думан өтті. Көктем мерекесіне сай ерекше әдемі безендірілген мектеп алаңының ажарын тігілген кигіз үй, орнатылған алтыбақан аша түсті. Ұлттық киім киген оқушылар мен мұғалімдердің, ата-аналардың мерекеге үлкен дайындықпен келгені көрініп-ақ тұр. Мерекелік бағдарлама «Кербез-сұлу» би ансамблі орындаған «Наурыз» биімен ашылды. […]


Елордадағы физика-математика бағытындағы NIS оқушысы Санжар Бисенәлі California Institute of Technology-ге оқуға түсті

Астанадағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектептің 12-сынып оқушысы Санжар Бисенәлі әлемдегі ең үздік университеттердің бірі – Калифорния технологиялық институтының грантына ие болды. California Institute of Technology (CALTECH) – әлемдегі ең үздік 10 университеттің қатарында және NASA-мен ынтымақтастығымен танымал. CALTECH-ке түсу үшін әдеттегі құжаттар пакеті мен мықты кейстен басқа, табандылық пен амбиция қажет, өйткені бұл жоғарғы оқу […]


NIS-ТІҢ ҮЗДІК ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БҰҰ ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫНДА ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Елордадағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектепте Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасының экологиялық білім беру мәселелері бойынша өткен дөңгелек үстел қатысушыларына NIS-тің үздік экологиялық жобалары ұсынылды. Алматы, Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстарының білім басқармалары мен бөлімдерінің мамандары, тәжірибелік мектептердің 40-тан астам өкілі оқушыларға үздіксіз экологиялық білім беру мен экологиялық мәдениет жүйесін жетілдіру жолдарын талқылады. Астанадағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік […]


ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНДЕР БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА ЖЕҢІМПАЗДАРЫН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ

Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектебінің оқушылары: Айғаным Балташева (биология), Кирилл Ким (химия), Санжар Бисенәлі (химия) 9-11сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерден өткен республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңінің жүлдегері танылып, алтын алқа иеленді. Беделді білім бәйгесінде Абылай Қабдулхадыр химия пәнінен олимпиада жүлдегері атанып, күміс медаль алды. Санжар Бисенәлі  мен  Айғаным Балташева халықаралық беделді олимпиадаларда ел абыройын […]


НАУРЫЗ КЕЗДЕСУЛЕРІ – ҮЛКЕН ҒЫЛЫМҒА АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ

Елордадағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектепте 2023 жылғы «Биомедицина, инженерия және технологиялар» атты XII Наурыз кездесулері салтанатты түрде ашылды. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев NIS-тің Наурыз кездесулерін үлкен ғылымға жасалған алғашқы қадам деп атады. – Күләш Ноғатайқызы Шәмшидинованың бастамасымен жүзеге асқан Наурыз кездесулерінің тарихи маңызы зор, себебі елімізде жас ғалымдардың бірегей алаңы пайда болды. Бірнеше жылдан кейін […]


8 НАУРЫЗ ҚҰРМЕТІНЕ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ

Көктемнің алғашқы мерекесі қарсаңында елордалық физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектебінің акт залында Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерт өтті. Қызықты концерттік бағдарламаны 9-сынып оқушылары ұйымдастырды. Мерекеге жиналған ата-аналар мен мектеп қызметкерлерін  мектеп директоры Әсел Бейсенбинова  құттықтап, жылы лебізін білдірді. Жас музыканттар мен мәнерлеп оқу шеберлерінің өнері, вокалдық нөмірлер, сән көрсетілімі, мектеп оқушылары дайындаған би композициялары  барша […]