Асқақ арманмен жарқын болашаққа

2018 жылдың 25 мамыры күні Астана қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 2017-2018 оқу жылының аяқталуына орай «Асқақ арманмен жарқын болашаққа» атты салтанатты іс-шара өтті. Биылғы соңғы қоңырау мерекесі Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 10 жылдығы мен Астана қаласының 20 жылдығына арналды. 2017-2018 оқу жылын Зияткерлік мектепте оқитын 969 оқушы аяқтайды, ал мектепті 164 түлек бітіреді. Мектеп [...]

Темірлан – әркезде де жеңімпаз!

2017 жылдың 10-15 желтоқсан аралығында Әзірбайжанның астанасы Баку қаласында «Дарындарды дайындау зертханасы» атты халықаралық  олимпиада өтті.   Астана қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9-сынып оқушысы Исмагулов Темірлан «Дарындарды дайындау зертханасы» атты халықаралық  олимпиаданың күміс медалін жеңіп алды. «Дарындарды дайындау зертханасы» олимпиадасы — бұл ТМД шеңберіндегі ынтымақтастық аясында жыл сайын өткізілетін білім сайысы.  Осы жылғы [...]

Мариям Акижанова беделді iGEM-2017 байқауында алтын медаль жеңіп алды

Астана қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегі, Назарбаев Университетінің студенті Мариям Акижанова беделді iGEM-2017 байқауында (синтетикалық биология бойынша  жоба жарысы)  алтын медаль жеңіп алды   9-13 қараша аралығында АҚШ-ның  Бостон қаласында iGEM (International Genetically Engineered Machine) халықаралық байқауы өткен болатын. Халықаралық байқауға әлемнің барлық аймақтарынан келген студенттік командалар синтетикалық биология бойынша дайындаған жобаларын ұсынды. [...]

Біз Әнелді мақтан тұтамыз

3-7 қараша аралығында Астанада халықаралық «Шабыт» шығармашылық жастар фестивалі өткен болатын. Дарынды жас өнерпаздар жиналған шараға елімізден және шетелдерден келген 500-ден аса талпты жас қатысты. Үміткерлер классикалық музыка, бейнелеу өнері, халық музыкасы, цирк өнері, актерлік шеберлік және үздік әдеби шығарма аталымдары бойынша бақ сынады. Үміткерлер қатарында Астана қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің Өнер пәнінің [...]

«Моментум» – экономикалық сауатты болуға көмектесетін бағдарлама

Елімізді өркендетуге өз үлесін қосып, өмірде орнын таба білетін  экономикалық сауатты азаматтар мәселесі бірінші кезекте тұрған қазіргі шақта мектеп оқушыларының экономикалық сауатын ашу, оларды кәсіпкерлікке баулу аса маңызды мәселелердің бірі. 23 қазанда Астана қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде жоғары сынып оқушылары мен мұғалімдерге арналған «Моментум» бағдарламасы бойынша семинар-практикум басталды. Оқушыларды кәсіпкерлікке баулуға арналған израильдық  [...]

Aga Khan Academies өкілдері Зияткерлік мектепте

Khan Academy (Хан Академиясы) ғаламтор арқылы тегін, сапалы білім берумен айналысатын, оқытуды жақсартуға ұмтылатын коммерциялық емес ұйым. 10 қазан 2017жылы Aga Khan Academies өкілдері - академиялық директор доктор Грэм Рейнджер және Академия директоры Салим Бхатия мырза Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектебіне келді. Халықаралық деңгейде танымал педагогтарды мектеп директоры Мейрам Әміржанұлы Жакенов пен директордың сыртқы [...]

Tour de NIS Nur-Sultan «Астана – вело-қала» эковелофестивалі

Астана қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдері мен оқушылары, ата-аналар  қазанның алғашқы жексенбісінде желтең әрі суық ауа-райына қарамастан мектептің спорт алаңында Вело-фестивалге  жиналды. Қала тұрғындары мен жастар назарын эко-көлікке аудару, эко-көліктерді қолдану аясын кеңейту мақсатында Вело-фестиваль  Зияткерлік мектепте  бірінші рет ұйымдастырылды. Вело-фестиваль Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) «Алматы қ. тұрақты көліктері» жобасы негізінде [...]

Шынгыс – Жас интеллектуалдар Республикасының Президенті

Жақында ғана  мектепте жас интеллектуалдар  Республикасының Президентін сайлау науқаны аяқталды. Зияткерлік мектеп  соңынан ерер өз көшбасшысын таңдады. Оқушылардың өзін-өзі  басқару  ұйымының  жаңа жетекшісі жас жеткіншектердің мектеп өмірін ұмытылмастай  ететін жобаларды жүзеге асырып, түрлі бастамалар көтеріп,  көптеген игі істердің ұйтқысы болуы тиіс. Мектептің «Орталық сайлау комиссиясы » сайлау науқанын үлкендердің үлгісінде өткізді: сайлау алдында үміткерлердің сенімді [...]

Cемсерлесу – зиялы спорт түрі

Семсерлесу - өзіңе тигізбей қарсыласыңды шаншып өту өнері. Қарсыласыңа бірінші соққыны жасауға мүмкіндік бермей, шап беру әр қимылды қалт жібермей, ескерту жасайтын көзге де, болған жайды тез саралап, шешім қабылдайтын ақыл-ойға да, сол шешімді тез жүзеге асыратын қолға да оңай емес, оған тағы қолдағы қаруға жан бітіретін дәлдік пен жылдамдықты қосыңыз. — Мольер Семсерлесу адамның [...]

Ганновер (Германия) Халықаралық мектебінің оқушылары Зияткерлік мектепте

Астана қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі шетелдік білім мекемелері мен оқу орындары арасындағы халықаралық байланыстар бойынша  оқушылар мен мүғалімдерді қабылдау мүмкіндігіне ие. 10 - 15 қыркүйек аралығында  Зияткерлік мектеп  Германиядағы серіктес мектеп – Ганновер қаласындағы халықаралық мектептің екі оқушысы мен бір мұғалімін қабылдады. 10-сынып оқушысы  Пьер Юстус  Версен 14 жаста, ол  спортпен айналысып, дебаттарға [...]