СЕН ДЕ — БІР КІРПІШ, ДҮНИЕГЕ КЕТІГІН ТАП ТА, БАР ҚАЛАН!

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектепте 2022 жылғы түлектерге жалпы орта білім туралы аттестаттарды тапсыру салтанаты өтті. Биылғы оқу жылында мектеппен 12-ші жұлдызды түлектер қоштасуда. Мектеп директоры Мейрам Жәкеновтың айтуынша, 12-ші түлектер – мектеп тарихындағы  ең мықтылардың бірі. 2022 жылы 145 жас мектепті абыроймен бітірді, оқудағы үздік жетістіктері үшін мектептің 3 түлегі «Алтын белгі», [...]

NIS-ТЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «CASPIAN STARTUP-2022» БАЙҚАУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ШЫҒАРЫЛДЫ

Жақында «Caspian Startup-2022» халықаралық стартаптар байқауының қорытындысы шығарылды. Ақтау қаласында өткен дәстүрлі байқауға Қазақстан, Әзірбайжан, Өзбекстан, Түркменстаннан 120-дан астам жоба келіп түсті. Олардың барлығы табысты стартаптарды құру және ілгерілетуге, сондай-ақ стартап мәдениетін қалыптастыруға, инвесторлар тартуға, зияткерлік меншікті қорғауға бағытталған. Финалдық турға қатысушылар «Болашақтың мектебі», «Әлеуметтік мәселелерді шешу», «Туризм» номинациялары бойынша табысты өмір сүруді қамтамасыз ететін [...]

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ АУҚЫМДЫ ДОМБЫРА САБАҒЫН ҰЙЫМДАСТЫРҒАНЫ ҮШІН АЛҒЫС ХАТ ЖОЛДАДЫ

2022 жылғы 27 мамырда Қасым-Жомарт Тоқаев Гиннесс рекордтар кіабына ұсынылған ең ауқымды домбыра сабағын ұйымдастырғаны үшін Нұр-Сұлтан қаласы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектептің қосымша білім беру педагогы, мектептің «Жігер» домбырашылар ансамблінің жетекшісі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Айтжан Тоқтағанға алғыс хат жолдады. – Халық мұрасын насихаттау және үйрету ісіне бел шеше кірісіп, көпшілікке белгісіз туындыларды […]


СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ МЕРЕКЕСІ ӨТТІ

25 мамырда елордалық физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектепте тағы бір оқу жылының аяқталғанын хабарлаған Соңғы қоңырау соғылды. Биылғы оқу жылында 145 түлек мектеппен қоштастасып, асқақ армандарымен үлкен өмірге қадам басады. Түлектер қатарында «Алтын белгі» төс белгісіне үміткерлер: Тулеутаева Джамиля, Кабзаки Назерке, Усипбекова Рауан  және  Ракишева Томирис, Рымбай Абылай, Сауранбаева Алтынай, Болат Юсуф, Тунгушпаева Инсаният, Тангирбергенова Акбота, [...]

Гиннесс кітабына арналған қазақстандық рекорд NIS-те орнады

Елордадағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектепте биылғы оқу жылы айтулы және көптен күткен оқиға – домбыра сабағымен аяқталды, оны Гиннесс рекордтар кітабына «Ең ауқымды домбыра сабағы» атауымен тіркеу жоспарланып отыр. Қазақ халқының басты музыкалық аспабында бір мезгілде 984 оқушы ойнады. Ең ауқымды домбыра сабағына қосымша білім беру педагогы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Айтжан Тоқтаған [...]

САНЖАР БИСЕНӘЛІ – МЕНДЕЛЕЕВ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕ ИЕГЕРІ

Елордадағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектеп ұжымы Санжар Бисенәліні химия пәнінен кезекті табысы – Менделеев олимпиадасындағы күміс жүлдесімен құттықтады. Санжар Менделеев олимпиадасына екінші рет қатысып отыр. Өткен жылы ол халықаралық олимпиаданың қола жүлдесін иеленген болатын. Дәстүр бойынша беделді Менделеев олимпиадасында жас химиктер арасында ең мықты, ұлттық турнирлердің жеңімпаздары бақ сынасты. Бұл ЮНЕСКО тарапынан химия пәні бойынша [...]

ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕП ТҮЛЕГІ ФЛОРИДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЖЫЛ СТУДЕНТІ АТАНДЫ

Елордалық физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектеп түлегі Ануар Акчурин Florida Institute of Technology Жыл Студенті болып танылды. 6500 мыңнан аса студенті бар білім ордасы mechanical engineer мамандығы бойынша білім алатын 4 курс студенті Ануардың жетістіктерін ресми мойындайтынын 15 сәуірде Мелборн қаласында (АҚШ) өткен үздік студенттерді марапаттау рәсімінде жария етті. Оқудағы озық нәтижелері мен белсенді қоғамдық ұстанымы [...]

БОЛАШАҚ ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КУӘЛІКТЕР АЛДЫ

Жыл сайын сәуірде  елордалық физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектебінің акт залында әскери есепке алу туралы куәліктерді табыс ету рәсімі өтеді. Биыл 16 жасқа толған 79 бозбала азаматтық борышын өтеуге жарамды деп танылып, әскерге шақырылушы ретінде алғашқы құжаттарын алды. 10-12 сынып оқушыларына әскери есепке алу туралы куәліктерді Ауған соғысының ардагерлері: Талғат Кадырбекұлы Солтыбаев, Ғалым Абдихамитұлы Нұртаев, Дауренбек [...]

НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІНЕ ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ МЕРЗІМІ ҰЗАРТЫЛДЫ

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2022–2023 оқу жылында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарында білім алу үшін үміткерлерге Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындауға конкурсқа қатысу үшін құжат қабылдау мерзімінің 2022 жылғы ақпан айының 26-ына дейін ұзартылды. Конкурс өткізу мерзіміне өзгеріс енгізілмейді, конкурс 2022 жылғы 14–15 сәуір күндері өткізіледі. Құжат […]


Күләш Шәмшидинова Атырау облысында орта білім беруді дамытуға қатысты сұрақтарға жауап берді

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинованың «Білімді ел» редакциясындағы кездесуге республикалық басылымның арнайы тақырып аясындағы шығарылым себеп болды. «БЕ» бас редакторы Ләззат Түркістановамен болған сұхбат барысында Атырау облысының білім беру жүйесін дамытуға үлес қосуды көздейтін жобаның жай-жапсары туралы айтылды.   Сұхбаттың толық нұсқасын мына сілтеме бойынша көруге болады: https://youtu.be/Ty_wt0L9q3E