ҰЗЫНДЫҚҚА СЕКІРУДЕН ЖАРЫС ӨТТІ

Жақында Нұр-Сұлтан қаласы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектепте ұзындыққа секіруден жарыс өтті. Жарысқа 7-10 сыныпта оқитын жас спортшылар қатысты. Жеңіл атлеттер байқауын дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері В. В. Гаар және М. С. Шакенова дайындап өткізді. Жарыс ережесі бойынша қатысушыларға 3 мүмкіндік берілді, есепке ең үздік көрсеткіш алынды. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанған оқушылар: Кожахметова [...]

ЗИЯТКЕРЛЕР ҚЫСҚЫ ОЛИМПИАДА-2022 ҚАТЫСУШЫЛАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ

Нұр-Сұлтан қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары ҚЫСҚЫ ОЛИМПИАДА-2022 қатысушыларға арнап флешмоб ұйымдастырып, ел намысын қорғайтын спортшыларға сәттілік тіледі. Ел намысын қолдан бермейтін, байрақты бәсекелерде топ жарып, жеңіс тұғырынан көрінетін жеңімпаз жастарымыз Бейжінде өтетін Қысқы олимпиада  ойындарында жоғары межені  ақтайды деп сенеді. Жас зияткерлер  -  туған елін, өз жеңімпаздарын мақтан тұтатын жанкүйерлер, спортшыларымыздан жеңіс, [...]

ПУШКИН КЕШІ ӨТТІ

Орыс тілі мен әдебиеті онкүндігі аясында елордалық физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектептің 7 С сыныбында Пушкин кеші өтті. Ұлы ақын өлеңдері мен «Евгений Онегин» поэтикалық романынан үзінділерді жатқа оқыған 13 жасар ұл-қыздар екі ғасыр бұрын жазылған өлең  жолдарын жүрек тебіренте мәнерлеп жеткізуге тырысты. Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Салтанат Искакованың айтуынша, оқушылар табиғат арқылы Александр [...]

ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ ЖАЛҒАСУДА

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2022-2023 оқу жылында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарында білім алу үшін «Өркен» білім грантын тағайындауға конкурс жариялайды. Байқауға жалпы білім беретін мектептердің 6-сынып оқушылары қатыса алады. Ол үшін үміткерлер 12 қаңтар мен 21 ақпан аралығында келесі құжаттарды қабылдау комиссиясына өткізулері тиіс: 1.Конкурсқа қатысу үшін өтініш; 2.Сауалнама; 3.Үміткердің туу туралы […]


ӘЗІМЖАН РАМАЗАН – «ШАПАҒАТ-2021» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

Елордадағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектеп оқушысы Әзімжан Рамазан «Шапағат-2021» республикалық байқауында жеңімпаз деп танылды. Әзімжанға дипломды «Kazpatent» директоры Ермек Қуантыров табыс етті. Жас өнертапқыш мектебі аясында Ермек Қуантыров Нұр-Сұлтан қаласындағы дарынды оқушылармен жүздесті. 2020 жылы өнертабыстар, пайдалы модельдер және өнеркәсіптік үлгілерге берілген патенттер арасында мектеп оқушысының «Тұзды суда жүзетін қайық» жобасы бар. Пайдалы модель деп [...]

«ҰМАЙ» КОМАНДАСЫ «SOLVE FOR TOMORROW» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ

Нұр-Сұлтан қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің «Ұмай» командасы Samsung компаниясының бастамасымен ұйымдастырылған «Solve for Tomorrow» атты республикалық әлеуметтік жобалар байқауында 450 мың теңгенің сертификат жүлдесін жеңіп алды. «Solve for Tomorrow» – ғылым мен техниканың көмегімен басқаларға көмектескісі келетін, белсенді өмірлік позиция ұстанатын оқушыларға арналған байқау. Samsung компаниясы мектеп оқушыларының адамзат пен қоғамның өзекті мәселелерін [...]

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ

Нұр-Сұлтан қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Тәуелсіздік күні қарсаңында ауқымды іс-шаралар кешені ұйымдастырылды. Мектепте мерейлі мерекеге арналған сынып сағаттары мен ашық сабақтар өтіп, көрмелер мен, қайырымдылық акциялары өткізілді. Мерейтой құрметіне ұйымдастырылған іс-шаралар  концерттік бағдарламаға ұласты. "Тұғыры биік тәуелсіздік"  атты мерекелік концерт көлеңке театры дайындаған сахналық қойылыммен басталды. Оқушылар Ұлы даланың ғасырлық тарихына шолу жасап, [...]

ЖАС СУРЕТШІ АЛСУ РАШИДТІҢ ЖЕКЕ КӨРМЕСІ

Нұр-Сұлтан қаласы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектебінің 10D сынып оқушысы Алсу Рашидтің жеке онлайн көрмесі өтті. Көрмеге жас автордың он бес картинасы қойылған. Алсудың қылқаламынан туған шығармалар тақырыбының кеңдігі таң қалдырады. «Сурет салуда академиялық сурет, кескіндеме, цифрлық иллюстрация, дизайн және анимация сияқты салаларда өз өнерімді дамытуға тырысамын. Әйтседе, маған портрет салу көбірек ұнайды, өйткені әр адамның [...]

НҰРСАТ ӨМІРБЕКОВ – «ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҚТАРЫ» ГРАНТЫНЫҢ ИЕГЕРІ ТАНЫЛДЫ

Елордалық физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектептің 12-сынып оқушысы Нұрсәт Өмірбеков «Медиа» бағыты бойынша «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын жеңіп алды. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында еліміздегі дарынды жастарды қолдауға биыл алғаш рет әрқайсысы 3 миллион теңгеден 30 грант бөлінді. Сол гранттың бірін Нұрсәт иеленді. Грантты NIS оқушысына Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі табыс етті. «Медиа» гранты Нұрсәтке мектеп [...]

Бекет Төлегенов пен Абылай Сатылхан «Тұңғыш» деректі фильмінде NIS-ті таныстырды

NIS түлектері Бекет Төлегенов пен Абылай Сатылхан Елбасы күнінде «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының «Тұңғыш» деректі фильмінде Назарбаев Зияткерлік мектептерін таныстырды. Елордада ашылған бірінші физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің алғашқы түлектерінің бірі Бекет Төлегенов – Елбасының «Болашақ» халықарылық бағдарламасының табысты стипендианты. Ол докторлық диссертация қорғаған NIS-тің алғашқы өкілі. PhD  ғылыми  дәрежесін Бекет америкалық беделді оқу орындарының бірі [...]