«Qazaqstan» телеарнасына саяхат

Астана қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің жатақханасында тұратын бір топ оқушы жақында «Qazaqstan» телеарнасымен жақын танысуға мүмкіндік алды.  «Qazaqstan» -  еліміздегі  ең танымал телеарна, 100 пайыз қазақ тілінде хабар таратуға көшкен, ана тілімізді дәріптеп, насихаттап жүрген ең ірі медиа құрылым. Телеарна авторлық бағдарламалар мен жаңалықтар дайындайды, деректі және көркем фильмдер, концерттік бағдарламалар көрсетеді, еліміздегі [...]

Атақты суретшінің сабағы өтті

Астана қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің жатақханасында тұратын оқушылар үшін түрлі іс-шаралар жүйелі өтетіндіктен бір кеш бір кешке ұқсамайды. Балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға жатақхана тәрбиешілерімен қатар ата-аналар да белсене қатысады. Ата-аналар  «Ақ бұлақ» клубына бірігіп, балалар үшін керек іс-шараларды  жоспарлап та қойған. Жоспарда саяхаттар мен кездесулер өткізу, түрлі танымдық жорықтарға шығу көзделген.   «Ақ [...]

«Қазақстанның Даму Банкі» зияткерлерде қонақта

Ұлттық валюта – Теңгенің 25 жылдығына орай Астана қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зиятккерлік мектебінің жатақханасында беделді қаржы институты - «Қазақстанның Даму Банкі» қызметкерлерімен кездесу өтті. Зияткерлік мектеп оқушыларына қонаққа ҚДБ басқарушы директоры Ан Ольга Эдуардовна, басқарма бөлімдерінің басшылары Қайынбаев Серік Жұмаханұлы мен  Сүлейменов Ербол Сейткасымұлы, ДКА басқарма басшысы Сабырбаева Асемгүл Рашидовна, ҚДБ бағалау департаментінің директоры [...]

Ганновер (Германия) Халықаралық мектебінің оқушылары Зияткерлік мектептегі достарымен қайта қауышты

Астана қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі оқу орындары арасындағы халықаралық байланыстар мен оқушылар алмасу бағдарламасы бойынша  шетелдік оқушылар мен мүғалімдерді жүйелі қабылдап келеді. 24-29 қыркүйек аралығында Зияткерлік мектеп Германиядағы серіктес мектеп – Ганновер қаласындағы халықаралық мектептің 8 оқушысы мен екі мұғалімін қабылдады. Апта бойы қонақтар мектеп өміріне белсене араласып, кесте бойынша сабақ оқыды, үйірмелер [...]