“ДАНАЛЫҚ БЕЙСЕНБІ”. ХИМИЯЛЫҚ ОЛИМПИАДАЛАРҒА ҚАЛАЙ ЖӘНЕ ҚАЙДА ДАЙЫНДАЛУ КЕРЕК

«Даналық бейсенбі ” жобасы аясында Нұр-Сұлтан қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде химия пәнінен халықаралық олимпиадалардың жүлдегері, Сингапур ұлттық университетінің магистрі, STEMCO халықаралық олимпиадасының негізін қалаушы Санжар Мәлікұлы Қаратаевпен кездесу өтті.

Кездесу барысында химиядан өткен халықаралық олимпиадалардың бірнеше дүркін жүлдегері, жас кәсіпкер  пәндік білім сайыстарына дайындалудағы жеке тәжірибесімен бөлісті, жеке тұлғалық дағдыларды дамытуда олимпиадалық дайындықтың пайдасы туралы айтып берді.

Сондай-ақ, спикер университетте оқуды сәтті жалғастыру және келешекте жаһандық еңбек нарығында бәсекеге қабілетті маман болу үшін мектепте дамыту қажет болатын “жұмсақ” және “қатты” дағдылар тізіміне тоқталды.

Оқушылардың сұрақтарына жауап берген Санжар Мәлікұлы мектепте уақытты тиімді пайдалана білу маңыздылығын ерекше атап өтті.

«Даналық бейсенбі ” қонағы болашағын химия ғылымымен байланыстыруға шешім қабылдаған оқушыларға келешек кілті  кемел білімде екендігін жеткізді.