ӘДЕБИЕТ ӘЛЕМІНЕ ШАҚЫРҒАН «АҚЫЛДЫ БЕЙСЕНБІ»

14 қыркүйекте өткен “Ақылды бейсенбіде” 8-9 сынып оқушылары Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының “Қазақ тілі” және “Қазақ әдебиеті” зертханасының меңгерушісі Айман Ақтановамен бірге екі негізгі сұраққа жауап іздеді: “Қазіргі жасөспірімдерді қандай қазақ жазушылары қызықтырады?” және “Олар қандай заманауи оқырмандар?”.

Ғалыммен кездесуде балалар оқу мәдениеті тақырыбына терең үңілді. Олар тек академиялық талқылаулар ғана қатысып қоймай, өздерінде қай жанрлар мен кітап авторлары резонанс тудыратыны туралы ашық пікір алмасты.