Нұр-Сұлтан қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде бірінші ақпанда орыс тілі мен әдебиеті онкүндігі басталды.
Қашықтықтан ұйымдастырылған пән апталығы аясында мұғалімдер ашық сабақтар, «Қыс – орыс ақындарының шығармашылығында» , «А.С.Пушкин шығармашылығындағы ғашықтық тақырыбы» бойынша мәнерлеп оқу сайысын, сүйікті әдеби шығарма желісі бойынша салынған суреттер конкурсын, «Фразеологизмы» атты «Көңілді тапқырлар клубын» және басқа іс шаралар өткізуді жоспарлап отыр.
Екінші ақпанда мұғалімдер С. К. Махамбетова мен С. Т. Искакова орыс классикасының маржаны, Н. Н. Гогольдің «Ночь перед Рождеством» шығармасы бойынша сабақтан тыс іс шара ұйымдастырды. Қазақ тілінде білім алатын 7 В сыныбының жас зияткерлері Диканька украиндық хуторының тұрғындары туралы, Рождество алдында түнде болған ғажайыптар мен сиқырлы оқиғалар туралы әңгіме қозғады. Фольклорлық танымал туынды, хикаят тілімен сөйлеген оқушылар кейіпкерлердің бейнесін дәл сомдады. Көптеген жеткіншектер шығарманың басты кейіпкерлері образына еніп, олардың қандай болғанын, елін, жерін қалай жақсы көргенін елестету үшін сахналық костюмдер де дайындады.
Жетінші сынып оқушыларының осындай шығармашылық талпынысы мен мәңгі тірі классиканы танып білуге деген құлшынысы қуантады.