Армысың, алтын ұя мектебім!

NIS Astana PhM - uncategorized - 52

Нур-Султан қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Білім күніне арналған «Армысың, алтын ұя мектебім!» атты салтанатты жиын 2 қыркүйек сағат 10-да өтеді.

Мектеп шежіресінде тағы бір қоңырау соғылғаны туралы жазылады. 2017-2018 оқу жылы қандай болмақ? Әрине, жаңа басталған оқу жылы игі істер мен тың жаңалықтарға, үлкен жетістіктер мен қуаныштарға, толағай табыстар мен шығармашылық шабытқа толы боларына біз кәміл сенеміз!

Білім еліне сәт сапар, достар!