12-сынып оқушысы Елеусизов Ернұр Теміртаудағы Қарағанды мемлекеттік индустриалық университетінде өткен (ҚМИУ) жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша ХII Президент олимпиадасында 3 орын иеленді.
Нұр-Сұлтан қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 А сынып оқушысы Елеусизов Ернұр бұрын талай білім сайыстарына қатысып, жеңімпаз атанып жүрген зерек те талапты оқушы. Ернұр Republic IESO selections 2019 (геология бойынша) 2 орын, Бірінші Республикалық “Ғылым әлемі” сырттай ғылыми-зерттеу конференциясында 3 орын алған болатын.
Ал бүгін Ернұрды мектеп директоры Мейрам Жакенов құттықтап, жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша ХII Президент олимпиадасында көрсеткен жоғары нәтижелерін атап өтті.
Теміртау қаласында 12-15 қараша аралығында өткен ХII Президент олимпиадасына еліміздің барлық аймақтарынан келген 172 оқушы қатысқан болатын. Білім бәйгесінде Ернұр көпті артта қалдырып, алғашқы үштікке енді.
Ернұр өзінің өмірін қаржыгер мамандығымен байланыстырады. Арманын жүзеге асыруға Ернұрдың барлық мүмкіншіліктері бар: бойында қаржы саласының маманына қажет математикалық қабілет, жан-жақты ойлау дағдысы, аналитикалық ойлау қасиеті басым. Есепке жүйрік Ернұрдың Халықаралық SAT емтиханын тапсырғанда физика және математикадан 800 ұпайдан 800 жинап, үздік нәтиже көрсетуі де мақтауға тұрарлық.
Зияткерлік мектеп Ернұрдың еңбексүйгіштігі мен табандылығының арқасында елімізге танымал қаржыгер болатынына кәміл сенеді.