FORBES WOMAN KAZAKHSTAN Зияткерлік мектеп түлегімен таныстырды

Нұр-Сұлтан қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 2013 жылғы түлегі, «Алтын белгі» төсбелгісінің иегері Адия Махамбетова Бостондағы  Fidelity Investments компаниясының бас кеңсесінде квонт позициясында жұмыс істейді.  

Активтерді басқару бойынша әлемдегі ең ірі компаниялардың бірінде  инвестициялық математик ретінде қызмет атқаратын  Адия жаңа жыл қарсаңында  Forbes Woman Kazakhstan басылымына сұхбат беріп,  квонттар дегеніміз кімдер, олар қаржы секторына қалай ықпал етеді, АҚШ-та өткен сайлаудан кейін  қор нарығында болуы мүмкін  өзгерістер туралы  айтып берді.

 

Адия Назарбаев Зияткерлік мектебін үздік бітірген жылы Назарбаев Университетінің Ғылым мен технология мектебіне «Математика» мамандығы бойынша бірден бірінші курсқа (direct) оқуға қабылданды. Университетте  үздіктер қатарынан табылған Адия үш рет  «Deans’ list» тізімінде болды.Университетте оқып жүрген кезде ол Қазақстанда және Орталық Азияда аудиторлық, салық, кеңестік қызмет көрсететін халықаралық  KPMG компаниясында тағылымдамадан өтті. Университетті бітірген жылы Адияға KPMG компаниясының  кеңесші позициясы берілді.  2017 жылы талапты түлек Бостон университетінің Бизнес мектебінің магистратурасына шақыру алып,  «Қаржы инженериясы» мамандығы бойынша толық оқу грантына ие болды.

      

Зияткерлік мектептің түлегі  Адия Махамбетова туралы Юлия Германның 2021 жыл 01 қаңтардағы «Численное превосходство» атты мақаласын  мына сілтеме бойынша оқи аласыздар - Forbes Woman