ФОРУМ: ЖЕТІСТІККЕ ҚАЛАЙ ЖЕТУГЕ БОЛАДЫ

2022 жылдың 8 қыркүйегінде елордалық физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектебінде «Көшбасшылық мектебі» жобасы аясында 7-8 сынып оқушыларына арналған Форум- кеңес өтті.

Форумның спикерлері ретінде мектеп көшбасшылары сөз сөйледі:

Аружан Аусат – мектеп президенті, БҰҰ жанындағы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының халықаралық форумындағы Қазақстанның амбассадоры;

Санжар Бисенәлі – химия пәнінен халықаралық Менделеев олимпиадасының күміс жүлдегері (ММО-56), халықаралық химия олимпиадасының (IChO-2022) күміс жүлдегері;

Наргиз Ахметова – ғылыми жобалар байқауының жеңімпазы, Нью-Йорк Ғылым академиясының және Йель университеті жанындағы әлемнің үздік жоғары сынып оқушыларына арналған академиялық бағдарлама бойынша қосымша білім алуда;

Алина Ильинская – сертификатталған жасөспірімдер психологы – ICTA аккредиттелген жаттықтырушы;

Богдан Рыбин – мектептің баскетбол және футбол командасының капитаны – COASH бойынша бірнеше дүркін чемпион;

Ернұр Қайроллаев – физикадан халықаралық Жәутіков олимпиадасының және физикадан жасөспірімдер арасындағы республикалық олимпиаданың қола жүлдегері;

Рахат Жакиенов – қалалардың халықаралық математикалық турнирінің жеңімпазы, республикалық олимпиаданың қола жүлдегері, «Purple Comet» халықаралық олимпиадасының жеңімпазы;

Ерасыл Қабылқасымов экономика бойынша – IEO-2022 мектеп оқушыларының халықаралық олимпиадасының қола жүлдегері;

Әбубәкір Нұнұлы – ұлттық және халықаралық программалау хакатондарының жеңімпазы;

ӘлФараби Болатбек – облыстық фортепиано байқауларының лауреаты;

Нұрдана Смәділ – SMM негіздерін оқып үйреніп жүрген жас тілші, бүгінде әртүрлі коммерциялық ұйымдар үшін мәтіндік контент жасайды.

Форум барысында 10-12-сыныптарда оқитын табысты оқушылар бейресми ортада өздерінің жетістіктерімен бөлісті. Жоғары сынып оқушылары өздері туралы, жетістіктері мен қызығушылықтары туралы айтып, жеткіншектердің сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ кішкентай достарымен өзін мақсатқа жетелеу, көшбасшылық қасиеттерді дамыту туралы ақыл-кеңестерімен бөлісті.

Адема Аманова (7 Н сыныбы): Форум өте қызықты және көңілді өтті, жоғары сынып оқушылары болашақта пайдасын тигізетін көптеген пайдалы кеңестер берді.

Әжікен Айша (7 «Е» сыныбы): Мен өзіме көптеген жаңа, қажетті дүниелер алдым, енді өз мақсатыма қалай жетуге болатынын білемін.

Ерасыл Ахметов (7 «Е»-сыныбы) Қызық болды, жоғары сынып оқушылары менің барлық сұрақтарыма жауап берді, келіп тыңдағаныма қуаныштымын.